03:36 06 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
659341

Магистр дәрежесі бар мұғалімдерге 25 мың теңге шамасында үстемақы төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасында мұғалімдерге қосымша ақы төлеу қарастырылған. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметте "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын таныстырған министр негізгі материалдық стимулдарға тоқталды. Құжатқа сәйкес, сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақы екі есеге өсіріледі. Педагогикалық шеберлігі үшін де қосымша ақы төлеу қарастырылған.

Сондай-ақ, магистр дәрежесі бар мұғалімдерге 25 мың теңге шамасында үстемақы төленеді.

"Сынып жетекшілігі үшін 173 мың мұғалімнің, ал дәптер тексергені үшін 165 мың мұғалімнің қосымша ақысы екі есеге артады. 212 мыңнан астам қызметкердің біліктілік санаты айлық жалақыдан 30-дан 50 процентке дейінгі мөлшерде қосымша ақы алуына мүмкіндік береді. 7 мың қызметкерге магистр дәрежесі үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы төленеді", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Тағы оқыңыз: Мұғалімдердің зейнет жасы төмендей ме - министр жауап берді

Бұдан бөлек, 18 мың қызметкер тәлімгерлік үшін бір базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде қосымша ақы алады. 100 мыңнан астам педагогтің жазғы демалысы 14 күнге ұзарды. Енді олар да 56 күн демалады.

"Ең бастысы, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, төрт жыл ішінде жалақыны екі есе өсіру мәселесі де қаралды", - деді министр.

Материалдық емес стимулдар

"Педагог мәртебесі" туралы заң жобасында материалдық емес стимулдар да көзделген. Мәселен, мұғалімдердің жүктемесін азайту, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау кепілдігі, "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасын беру және тағы басқа.

Сондай-ақ, заң жобасына сәйкес, мұғалімдердің балаларына балабақшадан бірінші кезекте орын беріледі.

Тақырып бойынша

Министр кімдерге мұғалім болуға тыйым салынатынын айтты
Ашуға булыққан мұғалім баланың арқасына ыстық үтік басып алды
Мұғалім оқушының маңдайына "жынды" деп жазып жатқанда күтпеген оқиға болды
Ақтөбеде 20 оқушы мен бір мұғалім уланып қалды
Есің дұрыс па? Мұғалім оқушының киген киіміне тиісіп жылатып қойды- видео
Кілт сөздер:
үстемақы, жалақы, мұғалім, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып