03:01 20 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD387.34
  • EUR428.44
  • RUB6.04
Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов

Нұрғали Нүсіпжанов болашақ жарымен бес жыл бұрын не туралы сөйлесті – видео

© Sputnik / Айгерім Таубай
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4526750

Халық әртісі өзінен 45 жас кіші журналист қызға үйленді

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Нұрғали Нүсіпжанов осыдан бес жыл бұрын Жадыра Сейдештің "Жүрекжарды" бағдарламасының қонағы болды. 2014 жылы жазылған сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.

2014 жылы ақпан айында журналист Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтан сұқбат алған. Онда қазақ әншісі соғыс жылдары өткен балалық шағы, өнерге келуіне себепші болған жандар жайлы әңгімелейді. Бұған қоса, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов туралы ой-пікірін айтады. Ол кезде Нұрғали Нүсіпжанов 77 жаста, ал болашақ жары Жадыра Сейдеш 32 жаста болатын.

"Жүрекжарды" – танымал тележурналист Жадыра Сейдештің авторлық бағдарламасы. Елдің ерекше назарына іліккен ірі тұлғалардың өмірінен сыр шертеді.

Тағы оқыңыз: 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың кімге үйленгені белгілі болды - видео

Айта кетсек, бүгін 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың 37 жастағы Жадыра Сейдешке үйленгені белгілі болды. Үйлену тойына әртістің ең жақын достары қатысқан.

Жадыра Сейдеш 1982 жылы дүниеге келген. Ұлттық арна, Қазақ радиосы, КТК арнасында көп жыл журналист, тележүргізуші болып істеген. 2015 жылы "Жүрекжарды" авторлық бағдарламасы үшін "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты атанды.

Ашық дереккөздегі ақпаратқа сүйенсек, Нұрғали Нүсіпжановтың бірінші әйелінен Бибігүл, Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзада атты бес баласы бар.

Кілт сөздер:
видео, үйлену тойы, Нұрғали Нүсіпжанов
Загрузка...

Басты тақырып