Қоғам

"Ал, енді Дінмұхамед айтсыншы": Димаш Филипп Киркоровпен бірге ән шырқады - видео

© Sputnik / Владислав ВодневДимаш на концерте в Нур-Султане
Димаш на концерте в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал әншілер "Жестокая любовь" әнін орындап, оларды Игорь Крутой сүйемелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз — Sputnik. Ресейлік композитор Игорь Крутой әлеуметтік желіде Филипп Киркоров пен Димаш Құдайбергеннің бірге ән айтқан сәтінің видеосын жариялады.

Видеода атақты орындаушылар Филипп Киркоровтың репертуарындағы "Жестокая любовь" әнін қосыла шырқап тұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Игорь Крутой (@igorkrutoy65)

Қазақстандық әншінің тыңдармандары бұл ерекше орындауға бірден назар аударып, пікірлерін жазды.

"Дауыстары, тембрі әртүрлі, бірақ сонысымен де керемет", - депті Димаштың фанаттарының бірі.

Кейбіреулер осы хиттің жаңа орындауын естісек деген тілек айтты.

Тағы оқыңыз: "Әлемнің халық әртісі": Димаш Ресейдің әйгілі әншілерін гүлсіз қалдырды - видео

Сондай-ақ әлемге әйгілі қазақ әншісінің жанкүйерлері Игорь Крутойға Димаштың дарынын ашуға қосқан үлесі үшін алғысын жаудырған.

Бұған дейін Димаш Құдайберген ресейлік композитордың "Новая волна" аясындағы шығармашылық кешінің қонағы болды, арада бірнеше күн өткенде Қазандағы WorldSkills стандарты бойынша кәсіби шеберліктен әлем чемпионатының жабылу салтанатында мыңдаған көрермен алдында ән шырқаған.

Жаңалықтар
0