19:18 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Полицей жол қозғалысын реттеп тұр

Министрлік полицейлерге ала таяқты қайтарып берді

© Photo : пресс-служба МВД Казахстана
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
562 0 0

ІІМ ақпаратынша, ала таяқты қайтару бюджеттен қаржы талап етпейді, себебі бұрынғылары сақталған

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан полицейлері бүгіннен бастап жолда ала таяқты қолдана бастайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ішкі істер министрлігі 1 қыркүйектен бастап жол қозғалысын реттеу үшін ала таяқты қолдануға көшеді", - делінген хабарламада.

Ала таяқ тек жол қозғалысын реттеу үшін, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну жағдайында қолданылады. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы мен кептеліс кезінде, бағдаршам істен шыққан жағдайда, көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру кезінде, терроризмге қарсы операция немесе күзет іс-шараларын өткізу кезінде, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болдырмау және жою кезінде көліктерді бағыттау үшін пайдаланылады.

Тағы оқыңыз: Тұрғымбаев тәулігіне 15 сағат жұмыс істейтінін айтты

Енді жол сақшылары үстіне сары түсті кеудеше, қолына жарық шағылыстырғыш қолғап киіп, ала таяқ және ысқырықпен белгі береді.

Ведомстводан атап өткендей, бүгінде жолдағы патрульдік полиция жұмысы толығымен автопатрульдеуге ауыстырылған.

"Көліктерді тоқтату арнайы жарық-дыбыс сигналдарын және дауыс зорайтқыш құрылғыларды пайдалана отырып, ала таяқты қолданбай, сигнал беру арқылы автопатрульдеу режимінде жүзеге асырылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Министрлік ала таяқты қайтару бюджеттен қаржы талап етпейтініне сендірді. Өйткені бұрынғы ала таяқтар сақталған.

Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, жол, полиция
Загрузка...

Басты тақырып