19:07 15 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
Мейрамбек Беспаев, әнші

Сағынтаев Мейрамбек Бесбаевты қызметке тағайындады

CC0 / Мейрамбек Беспаевтың желідегі парақшасынан
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2204050

Танымал әнші Алматы қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik.  Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мейрамбек Бесбаевты қызметке тағайындады. Танымал әнші енді әкімнің штаттан тыс кеңесшісі болады. Бұл туралы Алматы әкімі өзінің Instagram парақшасында хабарлады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

"Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым", - деп жазды Сағынтаев.

Мейрамбек Бесбаевтың жолы

Мейрамбек Бесбаев – қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, "Музарт" тобының солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 1976 жылдың 7 қарашасында Жамбыл облысы Талас ауданында туған. Тараз қаласындағы №37 қазақ орта мектебінде оқыған. Содан соң осы қаладағы Глинка атындағы музыкалық мектептің қобыз сыныбын тәмамдаған. 1989 жылы Алматыдағы К. Бәйсейітова атындағы музыкалық мектепке ауысады. 1994-1998 жылдар аралығында Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының драма, кино, актер факультетін бітірген.

Отбасы

Мейрамбек отбасында үш ағайынды. Үйінің тұңғышы, өзінен кейін Айнұр, Гүлнұр есімді екі қарындасы бар.  Әкесі – Әбіләшім Бесбаев, анасы – Жібек Жолдасова. Әнші ата-әжесінің қолында тәрбиеленген.
Әнші 2004 жылы отау құрды. Ол өзінен он жас кіші Мархабат есімді аруға үйленген. Бүгінде ерлі-зайыпты Кәусар және Әбухайыр есімді екі бала тәрбиелеп отыр.

Тақырып бойынша

Мейрамбек Беспаев туралы не білеміз?
Бақытжан Сағынтаев тағы бір жауапты қызмет атқаратын болды
"Ата-бабама тіл тигізгесін, ашуланып кеттім": Бесбаев кімге ренжігенін айтты
Мейрамбек Бесбаев қазылық ететін бағдарламадан шу шықты
Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады
Кілт сөздер:
тағайындау, Мейрамбек Беспаев, Бақытжан Сағынтаев
Загрузка...

Басты тақырып