18:40 15 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
Мейрамбек Беспаев, әнші

Мейрамбек Бесбаев әкімнің кеңесшісі болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді

CC0 / Мейрамбек Беспаевтың желідегі парақшасынан
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1575 0 0

Танымал әнші мәдениет саласында барын салып еңбек етуге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді.

"Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлының бұйрығымен мәдениет саласының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалдым. Қадірлі тілектес, рухтас бауырларым. Маған арналған ақ тілек пен ниеттеріңізге мың алғыс. Алматы өнердің қайнаған ордасы. Күрмеуі қиын, күрделі мәселелері көп мәдениет саласында сіздер үшін еңбек етуге барымды саламын. Әр қадамыма сәттілік тілеген ағайынға рахметім шексіз", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Meirambek Besbaev (@m_besbaev)

Айта кетсек, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында Мейрамбек Бесбаевты штаттан тыс кеңесшісі етіп тағайындағанын хабарлаған болатын.

Мейрамбек Бесбаев туралы не білеміз?

Мейрамбек Бесбаев – қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, "Музарт" тобының солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 1976 жылдың 7 қарашасында Жамбыл облысы Талас ауданында туған. Тараз қаласындағы №37 қазақ орта мектебінде оқыған. Содан соң осы қаладағы Глинка атындағы музыкалық мектептің қобыз сыныбын тәмамдаған. 1989 жылы Алматыдағы К. Бәйсейітова атындағы музыкалық мектепке ауысады. 1994-1998 жылдар аралығында Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының драма, кино, актер факультетін бітірген.

Тағы оқыңыз: Белгілі профессор Мейрамбек Бесбаевқа неге шүйлікті?

Мейрамбек отбасында үш ағайынды. Үйінің тұңғышы, өзінен кейін Айнұр, Гүлнұр есімді екі қарындасы бар.  Әкесі – Әбіләшім Бесбаев, анасы – Жібек Жолдасова. Әнші ата-әжесінің қолында тәрбиеленген.

Әнші 2004 жылы отау құрды. Ол өзінен он жас кіші Мархабат есімді аруға үйленген. Бүгінде ерлі-зайыпты Кәусар және Әбухайыр есімді екі бала тәрбиелеп отыр.

 

Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, Мейрамбек Беспаев
Загрузка...

Басты тақырып