02:59 21 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.16
  • EUR406.18
  • RUB5.90
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
143 0 0

Президент Азияның әдеби сыйлығын тағайындау керектігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия қаламгерлерінің I форумында жазушылардың халықаралық сыйлығын тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Азия әдебиетінің өрісі айтарлықтай кеңейіп келеді. Шығыстан шыққан қаламгерлер күллі дүниені мойындатып отыр. Бұл ретте Азия әдебиетін әлемге әйгілеп, дәріптей түсу форумның тағы бір маңызды міндеті деп санаймыз. Шығыс даналығының дәстүр сабақтастығы сіздердің туындыларыңыз арқылы жалғасын табады деп ойлаймыз", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, жаһандану дәуірінде Азия сын-қатерлерге лайықты төтеп бере отырып, өзіне тән бірегей ерекшеліктерін сақтап келеді. Батыс технологиясы Азия руханиятымен үндесіп, шығыстық жаңғыру үлгісін дүниеге әкелді.

"Біз бұл үрдісті қолдап, әлем халықтарының ынтымақ-бірлігін нығайтуға үлес қосуға тиіспіз. Азия мәдениетін одан ары дамыту үшін алдымен Азия қаламгерлерінің форумы шығармашылық қауымның диалог алаңына айналуы керек. Азияны бүкіләлемдік рухани даму алаңы ретінде дамыту айрықша маңызды. Сондықтан әдеби жетістіктерді жаңғырту үшін жағдай жасау - басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта Азияның әдеби сыйлығын тағайындаған жөн. Әлемдегі әйгілі сыйлықтар сияқты бұл марапаттың да беделін арттыруға күш салу керек", - деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы – толық мәтін

Бұдан бөлек, президент Азия қаламгерлерінің ортақ электронды кітапханасын құруды ұсынды.

Тақырып бойынша

Белгілі қазақ жазушысы өмірден озды
Тоқаев алдағы сайлауларға қатысты пікір білдірді
Тоқаевтың кеңесшісі президенттің алғашқы жолдауды қалай дайындағанын айтты
Тоқаев жазушы Смағұл Елубайды қабылдады
Тоқаев Азия елдерінің жазушыларын жинады
Кілт сөздер:
сыйлық, жазушы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып