Қоғам

"Алысқа кеткен жоқпын": өкілеттігі тоқтаған депутаттар әріптестерімен қоштасты

© Sputnik / Айгюзель КадирМәжіліс ғимараты
Мәжіліс ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісте Бақтияр Мәкен мен Гүлнәр Ықсанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаттары мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтаған Бақтияр Мәкен мен Гүлнәр Ықсанованы қошеметпен шығарып салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Бақтияр Мәкен мен Гүлнәр Ықсанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылданды.

Тағы оқыңыз: Әйтімованың сөзі депутаттарды ду күлдірді 

Төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматулин әріптестеріне заң шығару процесіне қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Осыдан кейін арнайы дайындалған алғыс хатты табыстады.

Мәжілістен кеткен Бақтияр Мәкен үш жыл бірге істеген әріптестеріне ризашылығын білдірді.

"Әрқайсыңызбен бірге көптеген мәселені қарап, еліміз үшін бірқатар заңды бірлесе атқарып, тәжірибе жинағаныма қуаныштымын. Әрине, алда үлкен мақсаттар бар. Мен алысқа кеткен жоқпын. Елбасының сенімі мен президенттің қолдауының арқасында елордаға үлкен лауазымға келіп отырмын", - деген ол Нығматулинге саяси ұстаз ретінде қамқорлық жасағаны үшін алғысын білдірді.

Гүлнәр Ықсанова да мәжілісмендерге бірлескен жұмыс үшін шын жүректен алғысын жеткізді.

"Маған сенім артқаны үшін тұңғыш президентке дән ризамын. Осының арқасында заң шығару процесіне тікелей араласуға мүмкіндік туды. Нұрлан Зайроллаұлы, сізге көп рақмет! Сіз мәжілісте іскерлік қана емес, шығармашылық атмосфера орната білдіңіз. Мәжілістің күн тәртібі әрдайым өте өзекті болатын. Болашақта да солай қала береді деген үміттемін", - деді Ықсанова.

Айта кетсек,  10 шілдеде Бақтияр Мәкен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол әлеуметтік қорғау, ішкі, жастар саясаты, ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне жауапты болады.

Ал Гүлнәр Ықсанованың өкілеттігі отставкаға кету туралы өтініш беруіне байланысты тоқтады.

Жаңалықтар
0