11:30 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Мәжілістің жалпы отырысы өтетін зал

Мәжілістің жаңа депутаты Нұрлан Әлімжанов ант беруге келген жоқ

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3189 0 0

Бүгін мәжілістің жаңа депутаттары Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліске жаңадан келген депутаттар Гүлшара Әбдіқалықова, Нұржан Әшімбетов және Жұлдыз Омарбекова мәжілістің бесінші сессиясының алғашқы отырысында ант берді. Ал белгілі актер Нұрлан Әлімжанов ант беруге келген жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Танымал актер әрі әнші, "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған Нұрлан Әлімжанов жақында депутат мандатын алған еді. Алайда ол бүгін мәжілістің жаңа сессиясының алғашқы отырысына қатысқан жоқ. Оның себебін білу үшін өзіне хабарласқанымызда "Бұған қатысты әзірге ештеңе айта алмаймын, бір аптадан кейін хабарласыңыз, барлық сұраққа жауап беремін" деп қысқа қайырды.

Ал қалған үш жаңа депутат салтанатты түрде адал қызмет етуге ант берді. 

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін", - деді депутаттар.

Осыдан кейін депутаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Гүлшара Әбдіқалықова мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды. Бұған дейін комитетті Гүлнәр Иксанова басқарған еді. Ол отставкаға кету туралы өтінішіне байланысты мәжілістен кетті.

Ал Нұржан Әшімбетов аграрлық мәселелер комитетіне, Жұлдыз Омарбекова заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.

Нурлан Алимжанов
Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов

Жаңа депутаттар туралы не білеміз?

Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы 15 мамырда туған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды. Қазақстанның оныншы мемлекеттік хатшысы болды. 2019 жылдың 25 ақпанында премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Нұржан Әшімбетов 1969 жылы 26 маусымда туған. Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі.

Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келді. Қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды, Қазақстан президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды. Белгілі қазақстандық филантроп, журналист, "Бауыржан" қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті.

Тақырып бойынша

"Кейін көреміз оны": Нығматулин қарсы дауыс берген депутат жайлы пікір білдірді
Алматы облысында депутат пен ұлы сотталды
Депутат 76 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды - видео
Депутат мұғалімдер туралы заң жобасының парламентке түспегенін айтып қапаланды
Атышулы экс-депутат тағы да төсін жалаңаштады - фото
Кілт сөздер:
Нұрлан Әлімжанов, Мәжіліс
Загрузка...

Басты тақырып