05:36 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Жазушылар форумы

Сүлейменов Елбасымен құда болған жазушының жағдайы қалай өзгергенін айтты

© Sputnik / Абзал Калиев.
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
795201

Қоғам қайраткері қаламгерлерінің I форумында отандық жазушылардың проблемасын көтерді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Азия елдері қаламгерлерінің I форумында қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов отандық жазушылардың проблемасын көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Менің жақсы бір досым бар. Ол – Сәбит Досанов, мықты жазушы. Бір рет ол кітап жазып шықты. Сосын қолжазбасын алып, барлық демеушіні аралап шықты. Бірақ қолдау таппады. Артынан маған келді. Менің иелігімде кен орындары болмаса да, өз кітабыма сақтап отырған ақшамды Сәбитке бердім. Сөйтіп, оның кітабын шығарып бердім", -дейді Сүлейменов.

Оның айуынша, баспа үйі ол кітаптың барлық данасын автордың өзіне тапсырып, өзіңіз таратасыз деген. Сәбит Досанов бірнеше данасын туған-туыстарына, бірнеше данасын достарына сатты. Бірақ ары қарай тарата алмады. Сөйтіп, қайтадан Олжас Сүлейменовке барды.

"Мен бірнеше таныс қала мен облыс басшыларымен хабарластым. Олар Сәбиттің шығармасын өз кітапханаларына алды. Ақыры бәрін таратып жібердік. Негізі, жақсы кітап. Сосын Сәбиттің жағдайы түзелді. Оның бауырының баласы сәтті үйленіп кетті...Сөйтіп, Сәбит...Елбасының туысы болып шықты. Қазір оның кітаптары тез таралады. Ол бұрынғыдай көмек сұрамайды. Күнде шығарма жазады. Міне, өте сәтті мысал. Ал жазушылар одағының қалған 700 мүшесі не істейді? Жас ақын-жазушыларға да оңай емес", - деді Сүлейменов.

Тағы оқыңыз: "Бұл менің қателігім". Олжас Сүлейменов сотқа тағы бір хат жолдады

Айта кетейік, Димаш Досанов - Әлия Назарбаеваның жолдасы. Жасы – 38-де. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласының Медеу аудандық әкімдігінде бастаған. Екі жылдан кейін индустрия және сауда министрлігіне ауысты.

Одан кейін "ҚазМұнайГаз" компаниясында еңбек етті. 2010 жылдан бастап NCOC (North Caspian Operating Company) компаниясында қызмет көрсету бойынша бас менеджер болды. Ал төрт жылдан кейін "Қазақстан – Қытай құбыры" ЖШС бас директоры қызметіне тағайындалды. 2016 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ басқармасына мүше болып сайланды. Сол жылы бас директор – басқарма төрағасы қызметіне келді. 2017 жылдан бері Ұлттық баскетбол федерациясын басқарады.

Тақырып бойынша

Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: полковниктің қызына сот үкімі шықты
"Ескендірді түсімде көрдім" Полковниктің қызы сотта соңғы сөзін сөйледі
"Діннен жұбаныш табады" Олжас Сүлейменов сотқа тағы бір хат жолдады
Олжас Сүлейменовтің жиенінің қазасы: Мұхитова марқұмның зиратына барып кешірім сұрады
Олжас Сүлейменовтің жиенінің қазасы: Мұхитова екі жыл түрмеде отыратын болды
Кілт сөздер:
жазушы, туысқан, Елбасы, Олжас Сүлейменов
Загрузка...

Басты тақырып