05:41 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Продюсер Қыдырәлі Болманов

Мәдениет министрі Қыдырәлі Болмановты қызметке тағайындады

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
9688 0 0

Танымал әнші әрі продюсер мәдениет саласы бойынша кеңесші болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақпаратты мәдениет және спорт министрлігі растады.

"Бұл ақпарат рас. Қыдырәлі Болманов ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәдениет саласы бойынша кеңесшісі болып тағайындалды", - деді ведосмтво басшысының кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев.

Бірақ ол шешімнің қашан қабылданғанын нақты айта алған жоқ.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың ұсынысы Қыдырәлі Болмановтың күлкісін келтірді

"Бұл шешім бүгін қабылданған шығар. Ол жағын нақты айта алмаймын", - деді мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі.

Қыдырәлі Болманов туралы не білеміз

Қыдырәлі Болманов 1964 жылы 19 мамыр күні Қарағанды облысы Ұлытау ауданы дүниеге келген.

Еліміздегі танымал топтардың бірі болған "АБК" тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері, әнші, кәсіпкер, Қазақстан жастар одағы сыйлығының және "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері (2013), философия ғылымдарының Phd докторы.

Тағы оқыңыз: Қыдырәлі Болманов қазақ қыздарының қытайға тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ Қыдырәлі Болманов – "Ұлытау" тобының продюсері. Жұбайы – танымал әнші Қарақат Әбділдина. 5 баласы бар.

Сондай-ақ, Қыдырәлі Болманов 2005-2008 жылдар аралығында Алматы қаласында мәдениет басқармасының директоры, Астана қаласында мәдениет департаментінің басшысы міндетін атқарушы қызметін атқарған болатын.

Тақырып бойынша

"Қып-қызыл жала!". Қыдырәлі мен Қарақат өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарды
Қыдырәлі мен Қарақат Астанада коттеджді тартып алды деп айыпталып жатыр
"Миға сыймайды". Қыдырәлі Болман атышулы дауға қатысты өз шындығын айтты
Қыдырәлі Болманов өзі туралы кітап жазып шығармақ
Кілт сөздер:
Ақтоты Райымқұлова, Қыдырәлі Болманов
Загрузка...

Басты тақырып