11:08 24 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD388.96
  • EUR432.21
  • RUB6.09
Дәурен Абаев, архивтегі сурет

"Бізді надан деп ойлайсыздар ма?": Абаев Жаңаөзендегі митинг туралы пікір білдірді

© Sputnik / Тимур Батыршин
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
7288 0 0

Әлеуметтік желіде тараған жалған ақпарат Жаңаөзендегі наразылық акциясына себеп болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек — Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жаңаөзенде және басқа қалаларда өткен Қытай зауыттарына қарсы наразылық акциялары туралы пікір білдірді.

"Ағайындар, елге қызмет етіп отырған азаматтардың бәрі надан деп ойлайсыздар ма? Біз де қазақ деген ұлы ұлттың ұрпағымыз. Ата-бабамыздың сүйегі жатқан жерді шетелге сату деген сөздің өзі ақылға қонбайды. Жер ұрпақтан ұрпаққа аманат болып қала береді. Айғайлап, өсек тарату патриоттық емес", - деді ақпарат министрі Хабар арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында.

Оның айтуынша, қоғамда өте ауқымды әрі қасақана арандатушылық жасалып отыр, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған ақпарат әдейі таратылуда.

"Бұл жағдай, өкінішке орай, қазақстандықтарды оңай алдап, санасына ксенофобия, русофобия, американофобия ұялатуға болатынын көрсетеді", - деді Абаев.

Оның айтуынша, мұндай ақпараттық шабуыл инвестициялық ахуалға ғана емес, Қазақстанның туризм саласына да кері әсерін тигізеді.

"Бүгінгі шулап жатқандар "еліміздің патриоты біз ғанамыз" деп ойламауы тиіс. Әлде олар шенеуніктер ата-бабаларының сүйегі жатқан жерді сатуды ғана көздейді дей ме?" – деді министр.

Абаев еске сала өткендей, Қазақстан халқына жолдауында мемлекет басшысы жердің шетелдіктерге сатылмайтынын айтқан.

Тағы оқыңыз: "Бас тарта алмаймыз": вице-премьер Қытаймен бірлескен 55 жоба туралы айтты

"Бұл мәселе бойынша барлық жорамалды тоқтату керек. Мемлекет басшысы саяси кепілдік берді. Шыны керек, адамдардың Қытаймен бірлескен 55 кәсіпорынға неге қарсы шыққанын түсінбеймін", - дейді Абаев.

Оның айтуынша, бірлескен кәсіпорындардағы 20 мың жұмыс орнының 95%-ін қазақстандықтар иеленетін болады.

"Жалпы айтқанда, қытай инвестициясы шетелдік инвестицияның 5%-ін ғана құрайды. Бүкіл әлем елдері Қытай капиталы үшін күреседі. Қытай инвесторлары Латын Америкасы, Ресей, Африка, Таяу Шығыс және Еуропада жұмыс істейді. Сол себепті Қытай кәсіпорындары біздің елден кетсе, Қытай экономикасына түк болмайды, ал бізге әсер етеді", - деді Абаев.

Жаңаөзендегі митинг

Дүйсенбі күні жүз шақты адам Жаңаөзен әкімдігінің алдына жиналып, елде Қытай зауыттарын ашуға тыйым салуды талап етті.

Мұндай акциялар Ақтау, Нұр-Сұлтан және Алматыда да өткен.

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдегендей, желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстан мен Қытай арасында инвестициялық келісім бар, алайда адамдардың наразылығын туғызатындай ештеңе жоқ, дейді ол.

Тақырып бойынша

"Жалған ақпарат": Тұрғымбаев Жаңаөзендегі митингіге қатысты түсініктеме берді
"Сондай күлкілі": Қытай елшісі Жаңаөзендегі митинг жайлы не ойлайтынын ашық айтты
Бұл өтірік: вице-премьер қытай жобалары төңірегіндегі "сұмдықтар" туралы
Қытайға қарсы наразылық акциялары: екі ел президенті не талқылайды
Кілт сөздер:
Қытай, митинг, Жаңаөзен, Дәурен Абаев
Загрузка...

Басты тақырып