01:25 22 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
мәжіліс отырысы

Мемлекетпен соттасатын адамдардың істері басқаша қаралады

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
122 0 0

Парламент мәжілісінде әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің жобасы таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасы аясында қарапайым азаматтардың құқықтарын барынша қорғау қарастырылған. Сондай-ақ, сот өндірісінің жаңа түрі енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әділет вице-министрі Наталья Панның айтуынша, бүгінде мемлекеттік органдармен соттасатын азаматтардың мүмкіндігі төмен. Себебі мемлекеттік аппараттың ресурстары көп, кәсіби заңгерлері де баршылық.

"Ал қарапайым азаматтар көп жағдайда заң жағынан дайын болмай қалады. Сөз жоқ, ондайда теңсіздік мәселесі туындайды. Осыған байланысты мемлекет мен азамат арасындағы дауларды шешетін әкімшілік сот өндірісін енгізу қажет. Сол себепті әділет министрлігі мен жоғарғы сот әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын әзірледі", - деді Пан мәжілісте заң жобасының таныстырылымында.

Оның айтуынша, кодекс аясында мемлекетпен соттасатын азаматтарды қорғаудың тиімді тетіктері болады. Осы орайда вице-министр бір мысал келтірді.

"Мәселен, белгілі бір кәсіпті ашуға рұқсат беретін лицензияны тексергенде бақылау органы мөрдің ескі екенін немесе электронды кілті тәртіп бойынша берілмегенін анықтады дейік. Бұл жерде адамның кінәсі жоқ. Ондайда мемлекеттік орган олқылықты өзі қалпына келтіруі тиіс. Адамның кәсібі тоқтатылмауы шарт", - деп атап көрсетті Пан.

Бұдан бөлек, бірқатар процесуалдық мәселелер енгізіледі. Атап айтқанда, сот адамның барлық дәлелін тыңдап шығуға міндетті. Қосымша материалдар қажет болса, барлығын жинап алуы қажет. Сондай-ақ, әкімшілік сот өндірісінің нақты кезеңдері белгіленіп отыр. Сот шешімдерін жоққа шығарудың арнайы тәртібі де болады.

Загрузка...

Басты тақырып