18:01 11 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD386.19
  • EUR427.71
  • RUB6.07
Нұрлан Нығматулин

Нығматулин жұмысына жаңадан кіріскен Нұрлан Әлімжановқа ескерту жасады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
5297 0 0

Мәжіліс төрағасы әртісті депутаттар қатарына қосылуымен құттықтаған болатын. Нұрлан Әлімжанов орнынан тұрған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісінің жаңадан тағайындалған депутаты Нұрлан Әлімжанов ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат орнынан тұрмады

Пленарлық отырыстың басында спикер Нұрлан Нығматулин әртісті депутаттардың қатарына қосылуымен құттықтады. Бірақ Әлімжанов орнынан тұрған жоқ. Мәжіліс төрағасы әртіске ескерту жасады.

"Қайда Нұрлан? Тұру керек. Ал біз саған қол шапалақтаймыз. Отыр", - деді Нығматулин.

Осыдан кейін Нұрлан Әлімжанов ант берді. Ал бұған дейін ант берген депутат Гүлшара Әбдіқалықова оны әлеуметтік даму комитетінің құрамына қабылдауға өтініш жасады. Депутатар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Әлімжанов ант беруге келмеді

4 қыркүйек күні мәжіліске жаңадан келген үш депутат - Гүлшара Әбдіқалықова, Нұржан Әшімбетов және Жұлдыз Омарбекова ант берген болатын. Сол кезде белгілі актер Нұрлан Әлімжанов келген жоқ.

Танымал актер әрі әнші, "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған Нұрлан Әлімжанов жақында депутат мандатын алған еді. Алайда ол мәжілістің жаңа сессиясының алғашқы отырысына қатысқан жоқ. Оның себебін білу үшін өзіне хабарласқанымызда бір аптадан соң жауап бере алатынын айтқан болатын.

Тақырып бойынша

Нығматулин қазақша білмейтін вице-министрді әбден ұялтты
"Жарайсың!" Нығматулин үкіметтен мәжіліске келген депутатты мақтады
"Маған баға берудің қажеті жоқ" Нығматулин жаңа вице-министрге шүйлікті
Нығматулин Сәпиевке: Мәжіліс ринг емес, бірақ бізде де қызу тартыстар болады
Назарбаев Нұрлан Нығматулинді туған күнімен құттықтады
Кілт сөздер:
Мәжіліс, Нұрлан Әлімжанов, Нұрлан Нығматулин
Загрузка...

Басты тақырып