20:12 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Сиыр

Мал ұрлаған адам 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

© Sputnik / Алексей Мальгавко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
170 0 0

Бас прокурордың орынбасары айтқандай, мал ұрлығымен ұйымдасқан қылмыстық топтар айналысады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Бас прокуратура бірқатар қылмыс үшін жазаны күшейтуге арналған заң жобасын әзірледі. Соның ішінде мал ұрлығы да бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, жаңа заңнама бойынша мал ұрлығын ауыр қылмыстардың санатына жатқызу қарастырылған.

"Мәселен, егер қылмыстық топпен немесе қораға кіріп, ұрлық жасалса, біз оны ауыр қылмыстар санатына жатқызбақпыз. Өйткені бүгінде мал ұрлау кәсіпке айналып кетті. Ол ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалады. Себебі малды шығарып беретін адам болады. Оны тасымалдайтындар, соятындар, базарда сататындар, оған жалған құжат жасап беретіндер бар. Сыбайлас жемқорлыққа жол ашылады. Осыған байланысты біз мал ұрлығын ауыр қылмыстар санатына жатқызғанды жөн көрдік", - деді Ахметжанов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Заңсыз аңшылық пен балық аулау қылмыс санатына жатқызылады - Бас прокуратура

Оның сөзіне қарағанда, мал ұрлығын бөлек санатқа шығарудың арқасында осы іспетті қылмыстар азаяды.
Айта кетейік, Қазақстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр қылмыстар жасағаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тақырып бойынша

"Өмір бақи бас бостандығынан айырылады": елімізде жаңа заң әзірленіп жатыр
Кілт сөздер:
ауыр қылмыс, ұрлық, мал
Загрузка...

Басты тақырып