Қоғам

Министр Абаев еден жуған жылдарын еске алды  

© PhotoГенеральная уборка
Генеральная уборка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет балалардың есебінен үнемдеуге немесе кейбір проблемаларын шешуге тырысып жатқан жоқ, деп мәлімдеді Абаев

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Дәурен Абаев оқушылардың мектепте еден жууынан ешқандай жамандық көріп отырған жоқ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі кезінде өзі сыныпты қалай тазалағанын еске түсірді.

"Білесіз бе, мектепте қалай кезекшілік жасағанымыз, толық тазалау жұмысын жүргізгеніміз әлі есімде. Сонымен қатар, масақ теруге барғанымызды қалай ұмытайын. Біз қызылша өсіретінбіз. Мектеп аумағын күтіп ұстадық. Сонымен бірге барлығымыз спортпен шұғылданып, үйірмелерге, дискотекаға барып үлгеретінбіз", - деді ол "Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында.

Тағы оқыңыз: Білім басқармасының жетекшісі еден жуып жүр – фото

Қазіргі мектеп оқушыларының көбісінің ата-анасы осы жолдан өткен болса керек, дейді Абаев. Мүмкін тазалық жасаған күндерін сағынышпен, күлкімен еске алатын шығар, деп толықтырды ол.

"Жалпы мен балаларды еңбекке тартудан ешқандай жамандық көріп тұрған жоқпын. Әрине, бірнеше маңызды нәрсе бар. Біріншіден, бұл оқуға кедергі келтірмеуі тиіс. Екіншіден, бұл ерікті түрде болуы керек, қазір солай ұсынылып жатыр. Мектеп мұндай шешімді ата-аналармен, оқушылармен бірге қабылдауы керек", - дейді министр.

Мемлекет балалардың есебінен үнемдеуге немесе өздерінің кейбір проблемаларын шешуге тырысып жатқан жоқ, деп жалғастырды Абаев. Еден жуушыларды ешкім жұмыстан шығармайды, деп сендірді ол.

"Егер әлдекім қолына шүберек алу қадір-қасиетімді кемсітеді, ата-анамның салығы онсыз да тазалықшылардың жалақысына кетеді деп ойласа, онда мұндай оқушыны, әрине, партаны тазалуға мәжбүрлеудің қажеті жоқ", - деді Абаев.

Оның пікірінше, мектептерде ақша жинаумен күресіп, оқушыларды іс-шараларға қатысуға мәжбүрлемеу керек.

"Алайда балаларды еңбекке тартудан, жұмыс орнын сақтаудан ондай жаман ештеңе көріп тұрған жоқпын", - деп қорытындылады министр.

 Әлеуметтік желілерде кейбіреулер елордалық мектептерде оқушыларға еден жуғызуға наразылық білдірді. Білім және ғылым министрлігі тазалық жасау әркімнің өз еркі екенін хабарлады.

Ал Нұр-Сұлтан білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин үлгі көрсетуге асықты: ол қызғылт қолғап киіп, кеңсесін өзі тазалап шықты.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов эстафетаны қабылдады.

  

Жаңалықтар
0