04:45 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Бауыржан Байбек Алматы қаласының құрметті азаматы атанды

Бауыржан Байбекке құрметті атақ берілді

© Sputnik / Тимур Батыршин
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
829 0 0

Алматыда бүгін Қала күні аталып өтіп жатыр, осы мерекеге орай әкім Бақытжан Сағынтаев бірқатар қазақстандыққа атақ берді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының күніне орай жеті қазақстандыққа "құрметті азамат" атағын берді.

"Алматы қаласының құрметті азаматы" атағына ие болғандар:

  • Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек;
  • халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов;
  • ақын, жазушы, әдебиеттанушы, қоғам және саяси қайраткер Олжас Сүлейменов;
  • балет әртісі, хореограф, мемлекеттік академиялық би театрының директоры Болат Аюханов;
  • театра және кино актері, режиссер Юрий Померанцев;
  • стоматология емханасының директоры Мүслімбай Дайырбеков;
  • Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының академигі, еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Аманжол Қошанов.

Бірқатар тұрғын "Еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды, деп мәлімет берді әкімдік. Алматы әкімі Сағынтаев тұрғындарды қала күнімен құттықтап, шаһардың одан сайын гүлдене беруін тіледі.

  • Писатель Абдижамил Нурпеисов стал почетным гражданином Алматы
    Алматы күніне орай бірнеше қазақстандыққа қаланың "құрметті азаматы" атағы берілді
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Поэт и общественно-политический деятель Олжас Сулейменов (в центре)
    Алматы күніне орай бірнеше қазақстандыққа қаланың "құрметті азаматы" атағы берілді
    © Sputnik / Тимур Батыршин
1 / 2
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы күніне орай бірнеше қазақстандыққа қаланың "құрметті азаматы" атағы берілді

"Осындай құрметі атақты жазушылық еңбегімді бұрыннан бағалап жүрген адам – Бақытжан Сағынтаевтың қолынан алғаныма қатты қуанып тұрмын",  ­­— деді жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов.

Еске сала кетсек, "Алматының құрметті азаматы" атанып отырған Бауыржан Байбек 2015 жылы 9 тамыздан бастап 2019 жылдың 28 маусымына дейін оңтүстік астананың әкімі қызметін атқарған еді.

Тақырып бойынша

Twitter-де аккаунт ашқан Бауыржан Байбек жағымды жаңалығымен бөлісті
Байбек Назарбаевтың Құдайдан қандай белгі сұрағанын айтты
Сағынтаев алматылықтарды мазалаған мәселенің қалай шешілетінін айтты
Кілт сөздер:
Алматы, Бауыржан Байбек
Загрузка...

Басты тақырып