19:52 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Жанар Хамитова

Жанар Хамитованың өлімі: полиция тергеу жүргізіп жатыр

© Photo : YouTube / Аяулым Куралханова
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
19191 0 0

"Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитова Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы туған ауылында қайтыс болған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысының полиция департаменті әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты істі тергеуге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ведомствоның баспасөз қызметі әншінің көз жұмғанын растап, қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Жанар Хамитованың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.

Тергеу қылмыстық кодекстің 105 бабының 1-тармағы (Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) бойынша жүріп жатыр.

"Оқиғаның мән жайын анықтап жатырмыз", - деді полициядағылар.

Айта кетсек, бүгін "Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитованың Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы туған ауылында көз жұмғаны белгілі болды.

Тағы оқыңыз: "Өз ауылында болған": Жанар Хамитованың қазасына қатысты тың дерек шықты

Тақырып бойынша

"Өліп қала жаздадым" Көрінбей кеткен танымал әнші араға 11 жыл салып ел алдына шықты
Загрузка...

Басты тақырып