20:10 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Ералы Тоғжанов

Маңғыстау облысының экс-әкімі жаңа қызметке сайланды

© Photo : Служба центральных коммуникаций
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3283 0 0

Жаңа қызметке келген Ералы Тоғжанов 2019 жылдың маусымына дейін Маңғыстау облысының әкімі болған еді

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Ералы Тоғжанов Қазақстанның кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып сайланды.

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен бас кеңестің отырысында белгілі болды.

"Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының басшысы Бақытжан Әбдірайым басқа қызметке ауысуына байланысты өкілеттігін тоқтатты", - деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.

Бас кеңестің мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде Ералы Тоғжанов балама негізде ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып сайланды.

Айта кетсек, Ералы Тоғжанов 2017 жылдың наурызынан бастап биыл маусым айына дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарған болатын. Оның орнына Серікбай Трұмов өңір басшысы болып тағайындалды.

Тақырып бойынша

Тоқаевтың баспасөз хатшысы жаңа қызметке сайланды
Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, Маңғыстау облысы, Ералы Тоғжанов
Загрузка...

Басты тақырып