20:01 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Ерлан Тұргымбаев

Министр әнші Жанар Хамитованың қазасына қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2862420

Ішкі істер министрлігінің басшысы әншінің өз-өзіне қол жұмсағанын растады. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитованың қазасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Барлығыңызға мәлім, ол жерде өз-өзіне қол жұмсау фактісі болған. Қазір Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

"Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитова 16 қыркүйекте көз жұмды. Белгілі болғандай, әнші таңғы тоғыздар шамасында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы туған ауылында қаза болған.

Тағы оқыңыз: "Менен кешірім сұраған": Керменбаев Жанар Хамитова туралы жазба жариялады

Қарағанды облысының полиция департаменті бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105 бабы 1-тармағы (Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Тақырып бойынша

"Өз ауылында болған": Жанар Хамитованың қазасына қатысты тың дерек шықты
Жанар Хамитованың өлімі: полиция тергеу жүргізіп жатыр
"Өліп қала жаздадым" Көрінбей кеткен танымал әнші араға 11 жыл салып ел алдына шықты
Танымал актриса жансақтау бөліміне түсті
Танымал қазақстандық әнші 2 жыл бойы елдің бетіне неге қарай алмағанын айтты
Кілт сөздер:
Ерлан Тұрғымбаев, министр
Загрузка...

Басты тақырып