00:28 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Министр білім беру жүйесінің кемшілігін атады

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2589 0 0

Асхат Аймағамбетов білім саласы бойынша Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткішіне тоқталды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық оқушылар көп біледі, бірақ алған білімін қолдана алмайды. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр білім саласы бойынша Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткішіне тоқталды. Аймағамбетовтің айтуынша, еліміз орта білім беруде бес салыстырмалы зерттеуге қатысады. Олардың негізгілері – PISA, PIRLS және TIMSS.

PIRLS зерттеуінде Қазақстан мәтінді түсіну және оқу сауаттылығы бойынша 27-орында. Ал TIMSS зерттеуінде математика, жаратылыстану пәндері бойынша жетекші он елдің қатарына енген.

"Бірақ та, TIMSS зерттеуі тек қана академиялық білімі бар екенін көрсетеді. Осы көрсеткіш бойынша нәтиже жақсы, алайда біз үшін ең маңызды рейтинг – PISA. Оның нәтижелері оқушылардың функционалдық сауаттылығының төмен екенін көрсетіп отыр. Біздің балаларда талдау жасау, сыни тұрғыда ойлау дағдылары жеткіліксіз. Басқаша айтқанда, қазақстандық оқушылар көп біледі, бірақ алған білімін тиісінше қолдана алмайды", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Тағы оқыңыз: "Бүгінгі жүйе – қаскөй жүйе": Бекболат Тілеухан қатты кетті - видео

Осыған байланысты, ведомство басшының айтуынша, 2016 жылдан бастап мектептерде сыни ойлау мен ағдыларды дамытуға бағытталған жаңартылған білім беру мазмұны енгізілген.

Ал жоғары білім беруде QS және Times Higher Education рейтингтері негізгі саналады.

"QS рейтингінде біздің елімізде он динамика байқалады. 2011 жылы рейтингке бес жоғары оқу орны енсе, биыл он университет аталып өтті. Бірақ бұл да әлі жеткіліксіз. Біз тиісті жұмыс жүргізуіміз қажет", - деді министр.

Оның сөзінше, қазақстандық жоғары оқу орындары арасында рейтингте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көш бастаған.

Ал Times Higher Education рейтингіне, 2018 жылы алғаш рет Қазақстанның екі жоғары оқу орны кірді.

Тақырып бойынша

Білім министрі Аймағамбетов оқулықтан қате тапты
36 жастағы министр Асхат Аймағамбетов туралы не білеміз?
Министр Аймағамбетов "Болашақ" бағдарламасына қандай өзгеріс енгізілетінін айтты
Аймағамбетов ата-аналардың мектепке қандай құжаттар өткізуге міндетті емес екенін айтты
Министр Аймағамбетов ҰБТ тапсырып жатқан түлектерге қолдау көрсетті - фото
Аймағамбетов: қазақстандық колледждерге 28 жаңа мамандық енгізіледі
Аймағамбетов ҰБТ-ны электронды түрде тапсыру қалай жүзеге асатынын түсіндірді
Кілт сөздер:
министр, Асхат Аймағамбетов, білім
Загрузка...

Басты тақырып