06:20 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев "оралман" деген сөзден бас тартуға қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Елена Бережная
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
214920

Қазақстанға оралған қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тарту көптен бері қоғамда талқыланып жүр. Бұл сөздің орнына "қандас", "бауырлас" терминдерін қолдану қажет деген пікір бар

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи отанына оралған қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тартуға қатысты пікір білдірді.

"Бұған дейін айтқанымдай, тарихи отанына оралған қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тартып, "қандас" терминін пайдаланғанымыз жөн. Жеті атасын білетін халыққа "қандас" деген ұғым жарасады", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

​Айта кетсек, Қазақстанға қайтып оралған қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тарту көптен бері қоғамда талқыланып жүр. Бұл сөздің орнына "қандас", "бауырлас" деген терминдерді қолдану қажет деген пікір бар.

Тағы оқыңыз: Тоқаев неге бірнеше маңызды ауыс-түйіс жасағанын түсіндірді

Осы мәселе парламентте де көтерілді. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұқбаттарының бірінде "оралман" деген сөзге қарсы екенін ашық айтқан болатын.

Тақырып бойынша

Тоқаев Алматы облысындағы жантүршігерлік апатқа қатысты мәлімдеме жасады
"20 млрд теңге бөлінеді": Тоқаев ауылдарды дамыту үшін бірқатар тапсырма берді
Тоқаев Марат Тәжинді қызметінен босатты
Тоқаев екі министрді қызметінен босатты
Кілт сөздер:
оралмандар, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып