01:06 24 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD388.96
  • EUR432.21
  • RUB6.09
1 қыркүйек

Мұғалімдер бірқатар жеңілдіктен қағылды – министр себебін түсіндірді

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1020600

"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын әзірлеу барысында қоғам тарапынан мұғалімдерді еңбек еткен жылдарына сәйкес зейнетке ерте шығару туралы ұсыныс түскен. Алайда, білім және ғылым министрі бұл ұсыныстың қолдау таппағанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасында ұстаздарды зейнетке ерте жіберу, жеңілдетілген ипотека беру ұсыныстары қарастырылмаған. Бұл туралы бүгін мәжілісте заң жобасын таныстыру барысында белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын әзірлеу барысында қоғам тарапынан мұғалімдерді еңбек өтіліне қарап, зейнетке ерте шығару туралы ұсыныс түскен еді. Алайда, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бұл ұсыныс қолдау таппаған.

"Зейнетақы шотында белгілі бір жинағы бар азаматтар үшін зейнетке ерте шығу мүмкіндігі қарастырылғанын білесіздер. Ал мұғалімдерге қатысты айтар болсам, біреулері 20 жылдан кейін, енді бірі 35 жылдан кейін зейнетке шығару керек дейді. Бір-біріне қарама-қайшы пікірлер айтылуда. Қазіргі заң жобасында мұндай норма қарастырылмаған", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Білім министрі мұғалімдердің өмірі қалай өзгеретінін айтты

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, бюджет мүмкіндігін ескере отырып, бірқатар ұсыныс мүдделі мемлекеттік органдарда келісімнен өтпей қалған. Зейнетке ерте шығу, екі еселенген көлемде сауықтыру жәрдемақысын төлеу, педагогтарға арналған жеңілдетілген ипотека, доцент және профессор атақтары үшін қосымша ақы, педагогикалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттерге жоғары стипендия төлеу секілді ұсыныстар солардың қатарында.

Тақырып бойынша

"Аузыңды жап!" Алматыда қорлық көрген мұғалімдер шу шығарды
Қазақстанда мұғалімдер 48 жасында зейнетке шығуы мүмкін
"Заң қабылданған жағдайда..." Қазақстандық мұғалімдер нені білуі тиіс?
Аттестациялау жүйесі: тестілеу кезінде заң бұзған мұғалімдер қалай жазаланады?
Миллион теңгеден алған мұғалімдер мен дәрігерлер қоныс тойын тойламақ
Кілт сөздер:
жеңілдіктер, мұғалімдер, ипотека, жәрдемақы, зейнетақы
Загрузка...

Басты тақырып