Қоғам

Қазақстанда көлікті тіркеу уақытша тоқтатылды

© Sputnik / Владислав ВодневГородской транспорт
Городской транспорт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында бүгін сағат 10.30-12.30 және 17.00 - 19.00 кезінде көлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша құжат қабылданбайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. 23 қыркүйек күні көлікті тіркеу және қайта тіркеу қызметі уақытша тоқтатылады. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы" АҚ атқарушы директоры Мұрат Жұманбай хабарлады.

"2019 жылдың 23 қыркүйегінде Ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасында техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 10.30-12.30 және 17.00-19.00 кезінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша құжаттар қабылданбайды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл қызмет осы уақытта электронды үкімет порталында да жұмыс істемейді.

Жаңалықтар
0