05:23 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Қазақстан полициясы, архивтегі сурет

Шымкентте әріптесінен ақша бопсалаған полиция капитаны ұсталды - видео

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1083 0 0

Күдікті полицейлер арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуі тиіс болған. Бірақ ол өзі әріптесінен пара алып, істі болып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек — Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері бопсалау жолымен 500 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Агенттіктің хабарлауынша, қазіргі уақытта полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитанына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Ол бопсалау жолымен пара алды деп айыпталып отыр.

Ол бұл қызметке ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалып, әріптестерінің арасында сыбайлас жемқорлықпен күресіп, ескерту-алдын алу жұмыстарын жүргізуі тиіс болатын. Бірақ енді өзі патрульдік полиция инспекторынан боспалау жолымен 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Ол бұл ақшаға инспекторды жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жауапкершіліктен босатып, алдағы уақытта оған қамқорлық көрсетпекші болған.

Күдікті қамауға алынды, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Оның кінәсінің деңгейін сот анықтайды.

Тақырып бойынша

Абай ауылында жігітті үш жыл бойы зорлап келген экс-полицей ұсталды
Президент пара сұрайтын шенеуніктерді атуға рұқсат берді
20-дан астам кеден қызметкеріне пара алды деген айып тағылды - ҰҚК
Қарағандыда пара берген университет ректоры ұсталды
Депутат 76 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды - видео
Отбасымен бірге мешітте тұруға мәжбүр болған полицей баспаналы болды – фото
Кілт сөздер:
видео, полиция, Шымкент
Загрузка...

Басты тақырып