Қоғам

Жамбыл облысынан қыз алып қашқан түркістандық төрт жігіт сотталып кетті

© Sputnik / Александр Мазуркевич / Медиабанкке өтуОглашение приговора преступникам, фото из архива
Оглашение приговора преступникам, фото из архива - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрын қыз алып қашу қазақтың салт-дәстүрі саналса, қазіргі уақытта қылмыс болып есептеледі. Қыз ұрлаған адам 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек — Sputnik. Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының үкімімен Түркістан облысының төрт тұрғыны қыз алып қашқаны үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.

2018 жылдың күзінде түркістандық жігіт Жамбыл облысы Қордай ауылында тұратын қызбен әлеуметтік желі арқылы танысады. Аз уақыт араласқаннан кейін ол бойжеткенді алып қашу туралы шешімге келеді. Көп ойланбастан үш танысын ертіп, автокөлікпен Қордай ауылынан бір-ақ шығады.

Келген соң қыздың ұялы телефонына хабарласып, кездесуді ұсынады. Дегенмен бойжеткен бас тартады.

Жастар алып қашу туралы ойынан айнымай, қыздың үйін аңдып жүріп, оны көшеде кездестіріп қалады. Олар қыздың бас тарқанына, қарсылығына қарамастан оны көлікке күштеп отырғызып алады. Дегенмен, қаладан шыға бергенде көлікті полиция қызметкерлері тоқтатқан. Осылайша, жігіттер ұсталып қалады.

Тағы оқыңыз: Қалыңдығын алып қашпақ болған жігіт ел алдында ұятқа қалды - видео

Бұрын қыз алып қашу қазақтың салт-дәстүрі саналса, қазіргі уақытта бұл қылмыс боп есептеледі.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, қыз алып қашудың соңы 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу сынды ауыр жазаға әкелуі мүмкін.

Алып қашқан адамды өз еркімен босатқандар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Бастысы олардың әрекетінде басқа заң бұзушылық болмауы тиіс

Жаңалықтар
0