23:49 05 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD387.48
  • EUR428.98
  • RUB6.05
Қазақстан шекарасы, архивтегі фото

Енді қазақстандықтар Ресеймен шекарада басқа құжат көрсетеді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2359 0 0

Қазақстан азаматтарынан Ресеймен арадағы шекарада талап етілетін құжаттар тізімінен үй кітапшасы алынып тасталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы маңындағы аумақтарда тұратын қазақстандықтар енді шекарадан өткен кезде жеке куәлікпен бірге мекенжай анықтамасын да көрсетеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында "2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан және Ресей шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды.

Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Марат Сыздықовтың айтуынша, хаттама шекара маңындағы аумақтарда тұратын қазақстандықтардың өту үдерісін жеңілдетуге және тәртіпке келтіруге бағытталған.

"Қазақстанның ішкі заңнамасындағы өзгерістерге, яғни азаматтарды тіркеуді есепке алу кітабының (үй кітапшасы) орнына мекенжай анықтамасының енгізілуіне байланысты, бұл құжаттарды тиісті хаттама арқылы келісімге енгізу қажеттілігі туды. Құжат жергілікті тұрғындарға шекарадан жеке куәлігі мен мекенжай анықтамасын көрсету арқылы өтуге мүмкіндік береді", - деді ол.

Айтуынша, бүгінде Ресеймен шекарада 51 ресми бақылау-өткізу бекеті бар. Олардың 30 –автокөлік, 20 – теміржол және біреуі – өзен арқылы өтетін пункт.

Сыздықов Ресей тарапы 2019 жылдың 12 сәуір айында хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағанын хабарлады. Хаттаманы қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

Тағы оқыңыз: Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстың видеосы жарияланды

Айта кетсек, хаттама 2018 жылғы 9 қарашада Петропавлда жасалған. Қолданыстағы келісімге сәйкес шекараны кесіп өту кезінде Қазақстан азаматтары өзімен бірге жеке куәлігі немесе төлқұжатын, сондай-ақ азаматтарды тіркеу кітабынан көшірмені көрсетуі тиіс еді. 2011 жылдан бастап Қазақстанда азаматтарды тіркеуді есепке алу кітабы алынып тасталған. Осыған байланысты келісімге хаттаманың 1-бабымен өзгерістер енгізіліп отыр. Оған сәйкес жеке куәлікке (төлқұжатқа) шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын, уәкілетті мемлекеттік орган берген мекенжай анықтамасы қоса берілуі тиіс.

Сенат депутаттары заңды бірауыздан қабылдады.

Тақырып бойынша

"300 жылқы ұстадық": Шекарашылар қырғыз кәсіпкерлерінің қулығын әшкереледі 
Қазақстан Қытайдан қанша қарыз алады – парламент заң қабылдады
Қырғыз шекарашылары Қазақстан азаматын атып өлтірді
Назарбаевтың тапсырмасы: Асқар Мамин Астана түбіндегі елді мекендерді аралады
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды
Кілт сөздер:
құжат, Ресей, шекара
Загрузка...

Басты тақырып