Қоғам

Егер біз наразы топқа баспана берсек, ертең бәрі митингіге шығады – Абаев

© Sputnik / Арман АскарМногодетные женщины у здания правительства Казахстана, архивное фото
Многодетные женщины у здания правительства Казахстана, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрдің айтуынша, мемлекет митингіге шыққан-шықпағанына қарамастан мұқтаждардың барлығына көмек көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елордада өткен көпбалалы аналардың митингілеріне қатысты түсініктеме берді.

"Мемлекет өз міндеттемелерінен бас тартпайды. Бірақ біз қазір қысымға шыдамай, митингіге шығушыларға пәтер тарататын болсақ, онда ертең барлығы пәтер сұрап митингіге шығады", - деді Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында.

Ол алаңға шыққан әйелдер кезектен тыс пәтер беруді талап етіп жатқанын, ал бұл мемлекеттік көмекті әділ бөліну қағидасын бұзатынын атап өтті.

"Осындай аяқасты акциялардан кейін олардың көпшілігінің толық еңбекке қабілетті күйеуі бар екені анықталды, сонымен қатар акцияларға қатысушылардың кейбірі баспана алып үлгергені белгілі болды. Көпшілігінің қарызы кешірілген, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде", - деп толықтырды министр.

Тағы оқыңыз: Министрлік Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингтерге қатысты мәлімдеме жасады

Оның айтуынша, мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарына митингіге шыққан-шықпағанына қарамастан кезек тәртібімен көмек көрсетеді.  

Бұған дейін елорда әкімдігі де митингілер туралы пікір білдірген болатын. Нұр-Сұлтан әкімшілігі көп балалы аналар кезекке тұрмастан баспана талап етіп жатқанын атап өтті.

Жаңалықтар
0