07:11 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Жамбыл Ахметбеков

Ахметбеков қарағандылық әйелді сандалтып қойған шенеуніктерді сынады

© Photo: официальный сайт Центризбиркома РК
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
205 0 0

Қарағанды облысының Шет ауданында тұратын әйел өмір бойы совхозда еңбек етсе де, еңбек өтілін дәлелдей алмай жүр

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметшілердің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісмен, "Халық коммунистері" фракциясының өкілі Жамбыл Ахметбеков депутаттық сауалын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысына жолдады. Айтуынша, жуырда фракциядан жәрдем сұрап келген әйелдің басындағы жағдай өңірлердегі зейнетақы тағайындау орталықтарында ахуалдың мәз емес екенін көрсетіп отыр.

"Қарағанды облысының Шет ауданынан келген азамат өмір бойы "Қоңырат" шаруашылығында, яғни совхозында еңбек етсе де, зейнетке шығу кезінде еңбек өтілін дәлелдей алмай, ең төменгі 23 мың теңгемен зейнетке шыққан. Себебі, оның деректері архивте болмаған, еңбек кітапшасындағы жазбалар да ескерілмеген. Сонда қалай, кезіндегі шаруашылықтың салақ басшыларының кесірінен неліктен азаматтар зардап  шегуі тиіс?!", - де ашынды депутат мәжілістің жалпы отырысында.

Тағы оқыңыз: "Білдей бастықсыз, білу керек қой". Генерал-майор Нығматулиннен сөз естіді

Ахметбековтің сөзінше, егде жастағы әйелге зейнетақы тағайындау барысында қажетті заңдық көмек көрсетілмеген.

"Шет ауданында осы шаруашылықта еңбек еткен қаншама азамат осылайша заңды табысынан қағылып отыр. Кезінде бұл совхозда кемінде 500-1000, мүмкін одан да көп адам жұмыс істегенін ескерсек, оның салдарын елестетудің өзі қиын. Яғни, Қарағанды облысында осындай жағдайға тап келген қаншама азамат бар. Ал бүкіл республикамыз бойынша жағдай қандай деген орынды сұрақ туындайды", - деп алаңдады ол.

Осы тұста депутат зейнетақы төлеу орталықтарында істейтін мемлекеттік қызметшілердің жұмысын сынады. 

"Әлгі әйелдің сол жылдары совхозда еңбек еткенін көршілерінің бәрі біледі. Көбісі сол жерде күні бүгінге дейін тұрады. Көршілерінің куәлігіне жүгіну арқылы, ардагерлер ұйымдары арқылы, тіпті қажет болса, сот шешімі арқылы еңбек өтілін қалпына келтірудің заңды жолдарын айтып көмек жасамаған", - дейді Ахметбеков.

Депутаттардың пікірінше, мемлекеттік қызметшілер халыққа зейнетке шығудың заңды жолдарын түсіндіріп отыруы тиіс. Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәселені жіті назарда ұстауы керек. Себебі, зейнетақы тағайындау барысында қазақстандықтар заңды табысының бір бөлігінен қағылып, конституциялық құқығы тапталып жатыр. Мұндай жағдайға, әсіресе, құқықтық сауаты төмен, қарапайым еңбек адамдары тап болады.

"Осындайда бір шенеуніктің шалағай жұмысы бір отбасының тұрмыс-тіршілігіне, яғни қоғамдағы көптеген отбасының күнкөрісіне әсер етеді. Сондықтан қарағандылық әйелдің зейнетақысын есептеу кезінде кеткен қателіктерді тез жөндеу үшін қызметтік тексеріс жасап, тиісті шешім қабылдауыңызды сұраймыз. Әділдік орнайтынына сенгіміз келеді", - деді Ахметбеков.

Тақырып бойынша

"Бүгінгі жүйе – қаскөй жүйе": Бекболат Тілеухан қатты кетті - видео
"Бұл дұрыс емес": Тоқаев үкіметтің жұмысын сынға алды
Жаңа министр 2020 жылдың қаңтарынан зейнетақы өсетінін айтты
Кімдерге зейнетақы жинағын алуға рұқсат берілетіні айтылды
"Бұл ақша әпкеңдікі ме еді?": Президент қателескен облыс әкімін қатаң сынады
"Жеделдету керек": Мамин кредит бермей отырған әкімдерді сынға алды
Кілт сөздер:
зейнетақы, депутат
Загрузка...

Басты тақырып