07:19 23 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD385.01
  • EUR425.78
  • RUB6.05
Педагогтарды марапаттау рәсімі

Екі жарым миллион теңге алатын мұғалімдердің есімдері белгілі болды

© Sputnik / Абзал Калиев.
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4493 0 0

"Үздік ұстаз - 2019" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатқа ие болды. Барлығы 64 педагог үздік атанды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Елордада "Үздік ұстаз - 2019" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Екі жарым миллион теңге алатын мұғалімдердің тізімі жарияланды
© Sputnik / Абзал Калиев. Abzal KALIYEV
Үздік ұстаздарды білім министрі марапаттады

Биылғы конкурсқа республика бойынша 4 мыңға жуық педагог қатысты. Олардың ішінен 633 ұстаз облыстық турға өтті. Ал финалға 178 педагог жолдама алды. Барлығы 64 адам үздік ұстаз атанды. Жеңімпаздарға арнайы төсбелгі мен марапаттау қағазы табысталды. Бұдан бөлек, әрбіреуіне 1000 айлық есептік көрсеткіш (2 миллион 525 мың теңге - Sputnik Қазақстан) көлемінде беріледі.

Жеңімпаздардың ішінде Көкшетау қаласынан келген ағылшын пәнінің мұғалімі Самал Ахметжанова да бар. Ол барлық турлардан сүрінбей өтіп, биылғы жылдың үздік педагогы атанып отыр.

"Облыстық турда 24 педагог болдық. Ол жерде іріктеу төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде өзімізді таныстырдық. Екінші кезеңде сабақ беруімізді көрсеттік. Одан кейін эссе жаздық. Ал төртінші кезеңде портфолиомызды жібердік. Сөйтіп, қазылар өз бағасын беріп, жеңімпазды анықтады", - деді Ахметжанова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Самал Ахметжанова
© Sputnik / Абзал Калиев. Abzal KALIYEV
Көкшетаулық Самал Ахметжанова барлық турдан сүрінбей өтіп, биылғы жылдың үздік педагогы атанды

Ал республикалық деңгейде қатысушылар тағы эссе жазып, порфолио тапсырған. Оған қоса, "Менің жүрегімнің мектебі" тақырыбында бейнебаян түсірді.

"Республикалық іріктеуден де өтіп, жеңімпаздардың қатарынан көріндім. Меніңше, бұл - жылдар бойы жинаған еңбегім. Сосын оқушылардың жетістіктері жақсы болса, жеңіске жетуге болады. Еңбек өтілім – 18 жыл. Осы конкурста жеңген ұстаздарға 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы береміз деп жатыр. Әзірше, ақшаны қалай жұмсайтынымды білмеймін. Әлі жоспарланған жоқпын. Бірақ орны табылады ғой. Ақшаны алғасын көреміз", - деді Ахметжанова.

Тақырып бойынша

"Айлығым – мың доллар": астаналық ұстаз қалай жоғары жалақы алып отырғанын айтты
Білім министрі қай мұғалімді үлгі тұтатынын айтып берді
Білім министрі оқуды қызыл дипломмен бітірген мұғалімге жұмыс тауып берді
"Сағадиев жауап бермеді": Қарапайым шопыр ағылшынша үйренудің оңай әдісін тапты
Министр білім беру жүйесінің кемшілігін атады
Кілт сөздер:
мұғалім, миллион теңге
Загрузка...

Басты тақырып