09:26 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Портфель, архивтегі сурет

Зәуреш Баймолдина қызметінен кетті

© Sputnik / Илья Питалев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
712 0 0

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Баймолдинаға алғыс айтып, зор табыс тіледі. Ол мәжіліске өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берген

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Мәжіліс Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров баяндағандай, Баймолдина мәжіліске өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берген.

Член Центральной избирательной комиссии РК Зауреш Баймолдина
Мәжіліс Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

"Зәуреш Хамитқызы Баймолдина парламент мәжілісінің 2017 жылдың 20 желтоқсандағы қаулысымен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалған болатын. ОСК мүшесі міндеттерін атқарудан босату туралы өз еркімен өтініш берген жағдайда, міндетін атқарудан босатылады. Бұл "Сайлау туралы" конституциялық заңда қарастырылған. Айтылғанды ескере отырып, Баймолдинаның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі ретінде өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамыз", - деді Әбдіров.

Тағы оқыңыз: Депутат ипотеканың алғашқы жарнасын алып тастауды ұсынды

Депутаттар қаулы жобасын бірауыздан қолдап дауыс берді. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Баймолдинаға алғыс айтып, зор табыс тіледі.

"Зәуреш Хамитқызын баршаңыз жақсы білесіздер. Мықты маман, білікті заңгер. Көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды үлкен абыроймен атқарды. Алдағы уақытта да зор табыс тілейміз", - деді ол.

Осыдан кейін төменгі палата төрағасы Баймолдинаға депутаттық корпус атынан арнайы дайындалған алғыс хат табыстады.

Тақырып бойынша

"Қол қусырып отырмыз": депутат жұртты алаңдатқан мәселені көтерді
"Не болды?": Қарағұсова жәрдемақы алатындардың көбейіп кеткеніне ашуланды  
"Маған хат жазды": депутат қазақстандық ата-аналарды жауапқа тартуды ұсынып отыр
"Назарбаева туралы емес": Нұрлан Әлімжанов "Томирис" фильмі жайлы не ойлайтынын айтты
Депутаттар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басты кемшілігін атады
Кілт сөздер:
Мәжіліс
Загрузка...

Басты тақырып