16:00 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Нұрсұлтан Назарбаев  домбыра тартып отыр

"Байғұстар кешке дейін жұмыс істейді": Назарбаев отбасы туралы айтты

© Photo : Официальный сайт президента РК
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1235522

Тұңғыш президент бос уақытында балаларымен жиі кездескісі келетінін атап өтті. Бірақ олардың уақыты бола бермейді екен

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. "Хабар" арнасына сұхбат берген Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қазіргі қызметі жайлы және бос уақытын қалай өткізетінін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Менде конституциялық міндеттер бар. Партияның төрағасы ретінде осы саяси ұйымның жұмысымен айналысамын. Қазақстан халқы ассамблеясы бар. Сосын Қауіпсіздік кеңесінің біраз міндеттерін атқару қажет. Қазір бұрынғыдай ешкімді шақырмаймын. Маған сұранатын адамдарды ғана қабылдаймын", - деді Назарбаев.

Елбасы сан алуан халықаралық форумдарға шақырып тұратынын атап өтті. Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы ретінде сайлаған.

"Бұдан бөлек, түркі тілдес елдер де тура сондай атақ берді. Ондай форумдарда Қазақстанның тағдыры шешіледі. Сондықтан мен ел үшін қызмет етемін", - деп толықтырды тұңғыш президент.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың жиендері туралы қызықты деректер 

Ол қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да келіп, ақыл сұрайтынын жеткізді. Ал бос уақытында майлы бояумен сурет салатынын айтады.

"Шынымды айтсам, бос уақыт аз. Дегенмен, бұрын бір арманым болған. Соны ақырындап іске асырып жатырмын. Майлы бояумен пейзаж салып жүрмін. Музей бітеді. Сол кезде көрсететін шығармын. Көрмеге шығару үшін 30 сурет болуы керек дейді. Менде 30 сурет бар. Табиғатты саламын. Енді, шедевр деп айта алмаймын. Дегенмен, достарымның бәрі сұрайды", - деп атап өтті Назарбаев.

Тұңғыш президент домбырадан бөлек гитараны да үйренгісі келіп жүргенін жеткізді.

"Жұмыстан кеткенде жай отыруға болмайды дейді. Ми жұмыс істеп тұруы қажет. Сондықтан мен қазір кітапты көп оқимын. Бұрын оқи алмаған әдебиеттерді ақтарып жүрмін. Саяси әдебиет те бар. Әлемдік әдебиетті де оқып отырамын. Енді, балалар мен немерелер бар. Олармен жиі кездескім келеді. Бірақ ол балалар да, немерелер де өзгерген. Оларда уақыт жоқ. Байғұстар таң атқаннан кешке дейін жұмыс істейді. Ойнауға да уақыт жоқ. Күнделікті кестем осындай", - дейді Назарбаев.

Тақырып бойынша

Нұрсұлтан Назарбаев қандай нөмірлі көлікпен жүреді
Назарбаев өзін Қытайда кім деп атайтынын білді
Назарбаев дәуірі - президенттің 30 жылдық еңбегі бір видеода
Айсұлтан Назарбаев тегін өзгертті
"Олай болады деп ойламадым": Назарбаев ағынан ақтарылды – видео
Кілт сөздер:
бала, немере, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып