01:59 22 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD386.44
  • EUR428.37
  • RUB6.06
Психиатр-нарколог дәрігер Руслан Әлиев

"Әйелге ұқсап кетеді": Қазақстандық дәрігер нені мүлде ішуге болмайтынын айтты

© Photo : Дәрігердің жеке архивінен алынды
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
736930

Маскүнемдерді ұзақ жылдар бойы емдеп жүрген Руслан Әлиев бұл сырқаттан арылу оңай емес екенін жеткізді. Дәрігердің айтуынша, науқас оңалту курсынан өтіп, 3 жыл ішімдік ішпесе, оның жазылғанын білдіреді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik, Дәурен Ерболат. Жоғары санаттағы психиатр-нарколог дәрігер Руслан Әлиев алкогольді шектен тыс ішудің салдары қандай болатынын, олардың неге елес көретінін Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында айтып берді.

Алкоголь организмге қалай әсер етеді?

Руслан Әлиев – Алматыдағы "Свободные люди " тәуелділіктен емдеу және оңалту орталығының бас дәрігері. Оның медицина саласында еңбек етіп жүргеніне 30 жыл болған. Оның пікірінше, Қазақстанда маскүнемдік мәселесі өзекті. Дәрігер соңғы жылдары әйелдердің ащы суды ұрттауды әдетке айналдырғанын айтады. Осы орайда ол алгокольдің адам организмін қалай улайтынын қарапайым тілде түсіндіріп берді.

"Кез келген алкогольді өнім – сыра, арақтың құрамында этиль спирті C2H5OH бар. Ол организмге 15-20 секундтың ішінде тарап, қанға сіңеді. Бірінші "соққы" бауырға жасалады. Себебі, бауыр – токсиндерді тазалайтын орган", - дейді ол.

Оның айтуынша, алкоголь бүйрекке де әсер етеді. Бұл да тамырды тазалайтын ағза болып саналады.

"Ішімдіктен тамырға артық салмақ түседі. Салдарынан қан айналым жүйесі бұзылады, организмде токсиндер жиналады", - дейді Әлиев.

Өмір сүру ұзақтығын 20 жылға қысқартады

Нарколог алкоголь ішкен кезде адамның тамыр жолдары кеңейіп, қан сұйылатынын айтады. Бұл процесс қысқа уақытқа созылады. Ертеңінде тамыр жолдары тарылып, адамның басы ауырып, жұмыс істеуі қиындайды. Алкоголь жүйке жүйесіне де зиянын тигізеді.

"Адам 60 жасқа толған кезде мидағы нейрондардың 20%-і өледі. Ал алкоголь ішсе, оның қаупі одан да жоғары болады. Спирттік өнімдерді шектен тыс ішу өмір ұзақтығын 20 жылға қысқартады", - дейді Руслан Әлиев.

Ақыл-есі кем бала өмірге келеді

Тәжірибелі дәрігер кез келген алкогольді өнім денсаулыққа қауіпті екенін айтады. Оның ішінде сыра да бар. Бұл спирттік өнімді жиі ішетін еркектер артық салмақ жинап, қарны шығып, дене бітімі әйелге ұқсап кетуі әбден ықтимал. Себебі, сыраның құрамында әйелдің жыныс гормоны – эстроген бар. Нарколог жүкті әйелдерге де сыраны ішпеуге кеңес берді.

"Кейбір болашақ аналар сыра ішуге болады деп ойлайды. Жүктілік кезінде алкогольді мүлдем ішуге болмайды. Ол сәбиге зиянын тигізеді. Тіпті, психикалық немесе физикалық ауытқуы бар сәби өмірге келуі мүмкін. Бұл – өте қауіпті", - дейді нарколог.

Ата-аналар сау нәрестені қаласа, ішімдікті жарты жыл ішпеуі керек. Сонда дені сау нәрестенің өмірге келуіне мүмкіндік жоғары болады.

Сонымен қатар ол араққа салынғандарға қарағанда сыра ішетіндерді емдеу қиын екенін атап өтті.

Ішімдікке тәуелділік қалай басталады?

Руслан Әлиев егер адам бір айда 2 рет және одан көп ішсе, алкогольге тәуелділік қаупі бірнеше есеге артады. Дәрігер бұл дерт 5 жылдан 15 жыл аралығында дамитынын жеткізді. Оның айтуынша, ер адам ішімдікке 5 жыл аралығында тәуелді болса, әйел жарты жылдың ішінде алкогольге тәуелді болуы ықтимал.

Маскүнемдікті емдеуге 1 жылдай уақыт қажет

Нарколог алкогольге тәуелділік 3 кезеңнен тұратынын айтады. Ең соңғы кезеңінде адам деградацияға ұшырайды. Яғни ол өмірге қажетті дағдыларынан айырылып, тек ащы судан бір ұрттап алудың қамын ойлайды. Сондықтан дәрігер адам тәуелді екенін білсе, бірден маманның көмегіне жүгінуге кеңес береді.

Тағы оқыңыз: Дәрігер халық жиі тұтынатын дәрілердің өте қатты зиян екенін жайып салды

 "Бірінші кезеңде пациенттің азғасын тазартамыз. Оны дезинтоксикациялық терапия дейді. Ол 5-20 күн аралығында жүргізіледі. Екінші кезең сауықтыруға дайындау кезеңі. Бір ай уақыт алады. Сауықтыру кезеңі 4-6 ай. Жалпы тәуелділіктен арылтуға 1 жылдай уақыт қажет. Кейін дәрігерге қаралып, психолог пен психотерапевтіге барып тұрған жөн. Егер адам 3 жыл мүлдем алкоголь ішпесе, ол тәуелділікті жеңгенін білдіреді", - дейді Руслан Алиев.

Адамдар неге жантүршігерлік әрекеттер жасайды?

Ол құқықбұзушылықтың 80-85%-і алкогольді өнімдерді ішумен және есірткі заттарын тұтынумен байланысты екенін жеткізді. Осы орайда дәрігер халық арасында "Белая горячка" немесе адамның неге ақыл-есін жоғалтып, адам шошырлық әрекетке баратынын түсіндіріп берді.

"Белая горячка" – адамның қысқа мерзімге ақыл-есінен алжасуы. Ол ішімдікті шектен тыс ішкендіктен болады. Науқас елестерді көруі мүмкін. Мысалы, оған біреу жүгіріп бара жатқан сияқты, оны біреу өлтіргісі келетін секілді көрінеді. Тіпті, пациент терісінің астында құрт жүрген сияқты көрініп, терісін кесуі ықтимал. Бұл – өте күрделі психикалық ауру", - дейді нарколог.

Психиатр мұндай жағдай ұзаққа созылмайтынын айтады, бірақ бірнеше рет қайталанса, дәрігерге қаралуға кеңес берді. Себебі, ауруды уақытында емдемеу салдарынан адамның ақыл-есі кемуі мүмкін.

"25-26 жылдай тоқтамай ішті"

Руслан Әлиев ішімдікке тәуелділік ауыр сырқатқа шалдықтырып, өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті. Сұқбат барысында ол науқастардың бірінің ауыр тағдырын әңгімелеп берді.

"Оның аты-жөнін айта алмаймын. 53 жасында өмірден озды. 26-27 жастан ішімдікке салынды. 25-26 жылдай тоқтамай ішті. Дәрігердің айтқан кеңесін құлағына да ілген жоқ. Оның өмірін аман сақтап қалуға тырыстым. Бірақ ауруханаға өте кеш келді. Бауыр циррозынан көз жұмды. Мен бұл адамды өте жақсы танитын едім", - деді ол ағынан жарылып.

Тақырып бойынша

"Өліп кетуі мүмкін". Сомнолог түнгі 12-ден кейін ұйықтайтындарды сақтандырды
"Миға ірің шабады": дәрігер ешкім елемейтін сырқаттың аса қауіпті екенін айтты
Тәтті және газдалған сусын қандай ауруға шалдықтырады – дәрігер жауабы
Мұндай дертке шалдығу қаупі 35 жастан кейін артады  – дәрігерлер дабыл қақты
Дәрігер қандай нан денсаулыққа зиян екенін айтты
Кілт сөздер:
дәрігер, маскүнемдік
Загрузка...

Басты тақырып