11:18 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Газ, архивтегі сурет

"Сарыарқаның" көгілдір отыны: астанада газға қосылу ақысы қанша болады

© Photo : пресс-служба АО "КазТрансГаз"
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
363 0 0

Елордада газ желісіне қосылумен нақты бір компаниялар ғана айналысады. Себебі көгілдір отынға толы құбырға қосылу оңай шаруа емес

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. "Сарыарқа" газ құбыры астанаға дейін тартылды. Енді, оны ішкі желілер арқылы жеке меншік үйлерге тарататын болады. Одан кейін тұрғындар газ желісіне қосылады. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берген жеке кәсіпкер Александр Мироненко желіге қосылу тәртібі мен оған кететін шығындар туралы айтып берді.

"Мәселен, Алматыда газ желісіне қосылу ақысы 120 мың теңгенің айналасында. Маман далада үйдің жанынан өтетін сары құбырды тесіп, газды үйге кіргізіп береді. Сосын есептеуіш құралын және арнайы клапанды орнатып береді. Оған қоса, газ қазандығын қойып бере алады", - дейді Мироненко.

Оның айтуынша, жақсы газ қазандығы 200-250 мың теңгенің шамасында тұрады. Үйдің иесі оны өзі тауып, сатып алса да болды. Себебі сатылымда осы қондырғының түр-түрі бар. Сонда ол тек газ желісіне қосылу ақысын ғана төлейді.

"Меніңше, астанада газ қосылудың әділ бағасы, ол - 200 мың теңге. Оған үйге дейінгі 8 метрлік газ құбыры, есептеуіш құралы және газ анализаторы кіреді. Міне, осы жұмысты 200 мың теңгеге жасауға болады", - деді Мироненко.

Кәсіпкердің ойынша, астанада газ желісіне қосылумен нақты бір компаниялар ғана айналысады. Себебі көгілдір отынға толы құбырға қосылу оңай шаруа емес.

"Мына бір нәрсені елестетіп көріңізші, көшенің бойымен сары құбыр өтеді. Оның іші - толған газ. Оған қосылу үшін тесік жасау керек. Ал тесік жасаса, қысыммен газ шығады. Жарылыс та болуы мүмкін. Ол үшін арнайы құрал-жабдықтар қажет. Рұқсат қағаздары да болуы шарт. Әзірше, астанадағы компанияларда ондай рұсқат жоқ. Меніңше, белгілі бір компаниялар болады", - деді жеке кәсіпкер.

Тағы оқыңыз: "Сарыарқа" газ құбыры Жезқазғанға жақындады

Айта кетейік, жақында "Сарыарқа" газ құбырының астанаға дейінгі құрылысы аяқталған болатын. Қала әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, ендігі кезекте ішкі газ тарату желілерін салу қажет. Бүгінде көгілдір отын ЖЭС-1 мен ЖЭС-2-ге тартылып жатыр. Келесі жылы газ Көктал-1 мен Көктал-2 мен Агроқалашықта болады.

Ал 2021 жылы Оңтүстік-Шығыс шағын ауданына газ тарту жұмыстары аяқталады деген жоспар бар. Бұдан бөлек, Железнодорожный, Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар,Тельман, Пригородный, Garden Village, Family Village, Ильинка, Шұбар мен Өндіріс бар. Осы жерлерде газ тартау жүйлері 2023 жылға дейін салынады.

Тақырып бойынша

Тараздағы газ өңдеу зауытында жарылыс болды - фото
Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар
Талдықорған тұрғыны жатақханада газ баллонын жарып жібермек болды
Алматыда автобус газ баллондары тиелген жүк көлігіне соғылды: бір адам көз жұмды
Соттасып жатыр: әкімдік астанаға газ неге әлі тартылмағанын түсіндірді
Кілт сөздер:
газ, Сарыарқа
Загрузка...

Басты тақырып