Қоғам

Ауыр қылмыс жасады: Сириядан қайтарылған 14 адамға бірнеше айып тағылды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуСитуация в сирийском городе Дума
Ситуация в сирийском городе Дума - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Жусан" операциясы аясында Сириядан 595 Қазақстан азаматы қайтарылды, оның ішінде төрт жүзден астамы балалар

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан - Sputnik. 14 қазақстандыққа террористік әрекетке қатысты және терроризмді насихаттады деген айып тағылды. Олар Сирияда ДАИШ*-тың бір жасағында болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдар және шетелдік серіктестерімен бірлесіп, "Жусан" операциясы аясында Сириядан 595 Қазақстан азаматын қайтарған, оның ішінде төрт жүзден астамы -балалар.

"Елге келген адамдардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ* халықаралық террористік ұйымына қатысу фактісі бойынша әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Сирияда ДАИШ-тың бір жасағында болған тағы 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

Оларға террористік әрекетке қатысты, оған адамдарды тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр.

Қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына берілді.

*ДАИШ, ИГ (Ислам мемлекеті) – Қазақстан, Ресей және басқа мемлекеттерде тыйым салынған террористік ұйымдар

Жаңалықтар
0