02:54 23 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD385.01
  • EUR425.78
  • RUB6.05
Екпе, архивтегі сурет

Баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-ана жауапқа тартыла ма – министр жауабы

© Sputnik / Игорь Зарембо
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
114 0 0

Жаңа нормаға сәйкес, екпе салмаған балалар балабақшаларға кіргізілмейді. Министр Қазақстанға екпе тек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келісілген зауыттардан ғана жеткізілетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Ата-аналар балаларына екпе салдыруға міндетті. Бірақ бас тартса, олар әкімшілік жауапқа тартылмайды. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін министр мәжілісте "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасының жаңа редакциясын таныстырды. Заң жобасында мектепке дейінгі ұйымдарға екпе салынбағанбалаларды жіберуді шектеу туралы норма енгізілген.

Оған себеп, вакцина салмаудың салдарынан бүлдіршіндердің инфекциялық ауруларды жұқтыру фактілері көбейген. Бұл жалпы ұлт денсаулығына теріс әсерін тигізіп отыр.

Сұрақ-жауап барысында депутаттар министрден балаларын егуден бас тартқан ата-аналар үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын сұрады.

"Әкімшілік жауапкершілік бойынша норма енгізілген жоқ. Әріптестердің көбі қарсы болғандықтан, оны кіргізген жоқпыз. Бірақ міндетті екені көрсетілген. Бұл тәжірибе тек біздің елде ғана емес, басқа елдерде де бар", - деді Біртанов.

Айтуынша, әр медициналық қызметкер екпе жасамас бұрын түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттелді.

"Екпенің қауіпсіздігі де өте маңызды. Біз қазір тікелей халықаралық ұйымдармен жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстанға бүкіл екпе тек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келісілген зауыттардан ғана жеткізіледі", - деді министр.

Тағы оқыңыз: Алматыда жекеменшік емханада екпе салғаннан кейін әйел көз жұмды

Біртанов екпе мәселесінде ата-аналардың, ең алдымен балаларының денсаулығын ойлауы керек екенін атап өтті.

Тақырып бойынша

Оңтүстік Қазақстанда ата-аналар сәбилеріне екпе салғызудан бас тартып жатыр
Премьер-министр: менингитке қарсы екпе бағасы тым қымбат
Сәби екпеден көз жұмды: тілшілерге жұдырық ала жүгірген емхана қызметкері істі болды
Баласына екпе салдырмаған ата-аналар жазаланады - заң жобасы әзірленіп жатыр
Екпеден кейін дертке шалдыққан: Маңғыстау дәрігерлері науқас баланың жағдайы туралы айтты
Кілт сөздер:
министр, ата-ана, екпе, бала
Загрузка...

Басты тақырып