02:58 23 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD385.01
  • EUR425.78
  • RUB6.05
Процент белгісі

"Басқа айтарым жоқ": Дана Нұржігіт ауыл халқына қатысты сөзін түсіндірді

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1080 0 0

Бүгін Сенатта Дана Нұржігіт "Даму" қоры арқылы кредит беру мәселесін көтерген болатын. Ол ауыл халқы ақшаны той-томалақ жасауға жұмсайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Сенатор Дана Нұржігіт "халық кредит ақшасын құдайы беріп, құда шақыруға жұмсайды" деген сөзін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында адал еңбек етіп жатқандар баршылық. Бірақ олардың арасында көршінің бұзауын көрсете салып, субсидия алғысы келетіндер де бар.

"Іспен дәлелдеп жатқан адамдар да көп. Бірақ көп жағдайда оңай жолға түсіп, түрлі амалдарға келіп, көршінің бұзауын байлай салып, субсидия үшін жауап беретін "пысықайлар" жоқ емес қой. Сондықтан үкіметтің ақшасы зая кетпесін, беріліп жатқан ақша құмға құйылған судай болмасын деп айттым", - деді Нұржігіт журналистерге берген сұқбатында.

Депутаттың сөзіне қарағанда, халықтың кредитті той-томалақ жасауға жұмсайтыны дәлелденген.

"Расында, дәл сондай фактілер тіркелген. Әттеген-айлар сол. Басқа айтарым жоқ", - деді Нұржігіт.

Сенатор "кредит алуға келетін халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру керек" деген сөзін де түсіндірді. Оның айтуынша, адамдарға бизнес-жоспар жасауды үйрету керек.

"www.damu.kz ("Даму" қорының ресми сайты - Sputnik Қазақстан) сайтында қойылатын сұрақтарды көрсеңіз, кейбіреуі өте сауатсыз қойылған. Қаржылық сауаттылықты көтеру керек. Мен көпке топырақ шашқым келмейді. Ата кәсіппен айналысып жатқан адамдардың келген ақшаны орынды жұмсап, барын салып жатқанын да түсінемін. Бірақ кейбір жағдайда алынған субсидия үшін жауапкершілікті арттыру керек сияқты", - деді Нұржігіт журналистерге берген сұқбатында.

Тағы оқыңыз: "Ауыл халқына олай қарамау керек": тәжірибелі сенатор Дана Нұржігітке ескерту жасады

Айта кетейік, бүгінгі отырыста сенатор Дана Нұржігіт "Даму" қоры арқылы кредит беру мәселесін көтерді. Оның ойынша, халықтың қаржылық сауаттылығын көтермей, ақшаны бөлудің қажеті жоқ. Себебі сұрақтардың басым бөлігі жеке бастың шаруасынан аспай жатады.

"Тек "Мен несие ала аламын ба?", "Мен осыған дейінгі несиелерді сіздер арқылы жаба аламын ба?" деген сияқты сұрақтардың аясынан шықпайды екен. Сосын "Өрлеу", "Бастау" сияқты бағдарламалар бойынша қаржы алдым, бизнес бастайтын болдым деп, ақшаны алады, ал кейін үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, я болмаса, құдайы беріп, құда шақырып, сондай өзінің жеке басының шаруаларына ақшаны жұмсап жібереді екен. "Ал үкіметке қандай есеп бересің? Қалай есеп бересің? "десе, көршінің бұзауын әкеліп, көрсете саламын деп, ақшаны далаға шашқан болып шығады", - дейді Нұржігіт.

Осы орайда сенатор Әли Бектаев өз әріптесімен келіспейтінін жеткізді. Ол Дана Нұржігітке ескерту жасады. Оның айтуынша, ақшаның құдалыққа жұмсалып жатқан кездері болуы мүмкін. Алайда мұндай жағдай тек ауылда ғана емес, қалада да бар. 

Сенатор мәселемен қаржы институттары, болмаса, қаржы органдары айналасуы керек екенін айтты.

Тақырып бойынша

"Ақшаны далаға шашады": Дана Нұржігіт халыққа кредит беру мәселесін көтерді
Мәжіліс депутаты жұмыста ерекше үзіліс енгізуді ұсынды
Танымал тележүргізуші сенат депутаты болып тағайындалды
"Кабинетте отырмаймын": Жаңа сенатор Дана Нұржігіт халыққа сөз арнады  
Танымал қазақ актері мәжіліс депутаты болды
Кілт сөздер:
сөз, халық, ауыл, Дана Нұржігіт
Загрузка...

Басты тақырып