06:18 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Жұмыста отырған әйел

Жұмыс істейтін қазақстандықтарға бес күн қосымша демалыс беріледі

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1850310

Бес күнге созылатын әлеуметтік демалыстың ақысы төленеді. Егер жұмыс беруші демалыс беруден бас тартса, оған айыппұл салынады

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлерге скринингтен өту үшін бес күн әлеуметтік демалыс беруге міндеттеледі. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жұмыс берушілердің адамдардың денсаулығын сақтаудағы жауапкершілігін күшейту мақсатында қол астындағы қызметкерлеріне скринингтен өту үшін міндетті әлеуметтік демалыс беру көзделіп отыр. Жаңа норма "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасында жазылған.

"Барлық азаматтың тегін скринингтен өтуге құқығы бар. Сондықтан жұмыс берушілер өз жұмысшыларына ақысы төленетін демалыс беруге міндетті. Егер әлеуметтік демалыс беруден бас тартса, онда жұмыс берушіге айыппұл салынады", - деді Біртанов мәжіліс кулуарында.

Министр әлеуметтік демалыс бес күнді құрайтынын және ол қазіргі еңбек демалысынан бөлек берілетінін нақтылады.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс депутаты жұмыста ерекше үзіліс енгізуді ұсынды

Егер жұмыс беруші әлеуметтік демалыс бермесе, қазақстандықтар еңбек және денсаулық сақтау министрліктеріндегі құзырлы органдарға шағымдана алады.

Тақырып бойынша

"Байғұстар кешке дейін жұмыс істейді": Назарбаев отбасы туралы айтты
Жұмыс істейтіндерге беріледі: Тоқаев 1 қаңтардан бастап өзгеріс болатынын айтты
Білім министрі оқуды қызыл дипломмен бітірген мұғалімге жұмыс тауып берді
"Адамды құлдай көреді": астанадағы "пятакта" қара жұмыс істейтіндердің әңгімесі
Қазақстанда қай елдің азаматтары жұмыс істейді?
Кілт сөздер:
демалыс, қазақстандықтар, жұмыс
Загрузка...

Басты тақырып