22:04 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Латын қарпі, архивтегі фото

Әліппе латын қарпімен жазылады – білім министрлігі

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
80010

Әліппе 2021 жылы қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсыновтың әдістемесі негізінде қайта енгізілетін болды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова "Әліппе" оқулығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әліппе бойынша тисті жұмыстар атқарылып жатыр. Әрине, бұл оқулық қайтарылады. Келесі жылы жаңартылған білім беру мазмұнының бірінші циклы аяқталады. Оған 11-сынып та кіреді. Одан кейін 2021 жылдан бастап қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Әліппені кіргізу осы 2021 жылдан басталады", - деді Каринова журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, оқулық Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде жасалып жатыр. Ал тілшілердің "Әліппе латын графикасымен жазыла ма?" деген сұрағына вице-министр: "Иә", - деп қысқа ғана қайырды.

Тағы оқыңыз: Бекболат Тілеухан "баласының миын ашытқан" білім министрлігіне шүйлікті

Айта кетейік, биыл Тамыз конференциясында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Әліппенің мектеп бағдарламасына қайтарылатынын мәлімдеген.

"Ұстаздар болсын, ата-аналар болсын, көптен әліппе мәселесін көтеріп жүр. Бұл мәселе өте маңызды. Біз Әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы, өздеріңізге жақсы таныс, қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізілетін болады", - деді министр.

Тақырып бойынша

Жаңа білім министрі мектептерге Әліппені қайтаруға уәде берді
Оқулықтарды латын әліпбиіне аудару шығынын кім көтереді?
Сағадиев биыл білім саласында қандай өзгерістер болатынын айтты
"Ауылдың балалары қатты қиналады" Ағылшын тілі қазақша неге оқытылмайды
"Баланың миын ашытпау керек": ғалымдар әліппені қайтаруға қатысты пікір айтты
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, әліппе
Загрузка...

Басты тақырып