02:06 23 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD385.01
  • EUR425.78
  • RUB6.05
Кісен, архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда аудан әкімінің орынбасарына үкім шықты – видео

© Sputnik / Алексей Вовк
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
248 0 0

Елорданың "Алматы" ауданының әкімі пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда аудан әкімінің орынбасарына үкім шықты. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің ақпаратына сәйкес, Тілеуов 5 миллион теңге көлеміндегі пара алды деген күдікке іліккен. Ол ақшаны "Алматы" ауданын жарықтандыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік сатып алулар келісіміне қол қойғаны үшін алған.

Тағы оқыңыз: Депутат 76 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды - видео

"17 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы №2 аудандық соты үкім шығарды. Тілеуов пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 3 жылға сотталды. Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі.

Бұған дейін шенеунік парамен ұсталған кездегі видео жарияланған болатын.

Ведомство пара берген "Лайн Групп" ЖШС мен "Ақжайық Энерго" ЖШС директоры Бауыржан Әбдиев те қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Тақырып бойынша

Полковник пен майор пара алғаны үшін ұсталды  
Жамбыл облысында бас дәрігер пара алды деген күдікпен ұсталды
"Астана Су арнасының" бұрынғы басшысы пара ретінде 3 бөлмелі пәтер алған
Қарағандыда пара берген университет ректоры ұсталды
Президент пара сұрайтын шенеуніктерді атуға рұқсат берді
Кілт сөздер:
видео, үкім, әкім орынбасары, аудан әкімі, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып