05:30 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Білім министрі Асхат Аймағамбетов

Енді балабақшада ағылшын тілі оқытылмайды

© Sputnik / Абзал Калиев.
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
6795 0 0

Білім министрлігі балабақшадан ағылшын тілін алып тастауды, сондай-ақ тәрбиешілердің жалақысын көтеруді көздеп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі білім бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Мектепке дейінгі білім бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отырмыз", - деді Аймағамбетов мәжілісте "Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын-ала қорытындылары туралы" үкімет сағатында.

Бұдан бөлек, білім министрлігі балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеруді көздеп отыр.

"Тағы бір мәселенің бірі – бірыңғай электронды кезектің жоқтығы. Кейде мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаға барған балалар кезектен шығарылмай қалады", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Мұғалім білім беру жүйесін сынға алды. Тоқаев мәселенің басын ашуды тапсырды

Аймағамбетов лицензиялау мен аккредитацияның жоқтығы да бірқатар проблема тудырып отырғанын атап өтті.

Айта кетсек, қазір Қазақстанда барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде балабақшалар саны – 6 470, шағын орталықтар – 4 203.

Тақырып бойынша

Әліппе латын қарпімен жазылады – білім министрлігі
"Жалақы 50%-ке дейін өседі": министр 2020 жылы болатын өзгеріс туралы айтты
Білім министрі қай мұғалімді үлгі тұтатынын айтып берді
Аймағамбетов білім министрлігі қайта құрылатынын мәлімдеді
Кілт сөздер:
балабақша, Асхат Аймағамбетов, ағылшын тілі
Загрузка...

Басты тақырып