09:17 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Жолдағы полицей

Қазақстанда бүгіннен бастап қандай жүргізушілерге айыппұл салынады?

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1631363

Жол ережесін бұзған шетелдік нөмірі бар автокөлік жүргізушілері 21 қазаннан бастап айыппұл төлеуге міндеттелді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Бүгіннен бастап көлігі шетелде тіркелген жүргізушілерге де айыппұл төлеу туралы нұсқама жіберіледі. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Енді фото және видеофиксация жүйесіне тіркелген заң бұзушылықтар үшін айыппұл төлеу туралы нұсқама тек қазақстандық нөмірі бар жүргізушілерге ғана емес, көлігі шетелде тіркелген азаматтарға да келеді.

Жаңашылдық Нұр-Сұлтан, Шымкент, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында күшіне енбек.

"Бұған дейін мұндай мүмкіндік болмайтын. Өйткені заң бұзушылықтар туралы нұсқама Қазақстанда тіркелген автокөліктің техникалық паспортындағы жазбаның негізінде жасалатын", - деп түсіндірді бас прокуратура.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға қатысты жаңа өзгерістер күшіне енді

Ал шетелдік нөмірлер бойынша жүргізушінің жеке басын анықтау мүмкін емес болғандықтан, әкімшілік нұсқама жасалынбайтын.

Бас прокуратура шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілерінің жеке басын анықтау үшін әкімшілік полиция комитеті, ұлттық банк, мемлекеттік кредиттік бюромен бірлесіп, үлкен жұмыс жүргізген.

Кілт сөздер:
айыппұл, Бас прокуратура, жүргізушілер
Загрузка...

Басты тақырып