05:08 29 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD380.84
  • EUR419.50
  • RUB6.05
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
324611

Елімізде біраз мектепте директорлық орындар бос тұр, деп хабарлады Асхат Аймағамбетов. Министрлік педагогтарды еңбекақысын көтеру арқылы ынталандыруды көздеп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан — Sputnik. Қазақстанда мектеп директорларының еңбекақысын 100 процентке дейін көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министрдің айтуынша, қазір мектеп директорларының жалақысы кейбір мұғалімдерден де аз. Өйткені әр түрлі санаттағы ұстаздар үстемеақы алады, ал директорлардың еңбекақысын өсіретін мұндай мүмкіндік жоқ.

"Бізде көп директорлық орындар бос тұр. 200 оқушы оқитын мектептер бар. Оқушы саны 1200-ге жететін оқу орындары да баршылық. Тиімді жұмыс істеп жатқан директорлар бар, тиімсіз істеп жатқандары да жоқ емес. Біз мектеп директорларын, оқу ісінің меңгерушілерін, әдіскерлерді қолдауымыз қажет. Білім министрлігі осы бағытта жұмыс жасап жатыр", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.  

Жалақы көлемі директордың еңбек өтілі мен категориясына байланысты болады. Министрлік бірінші санаттағы басшылардың айлығын 100 процентке өсіруді жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, оқу ісінің меңгерушілері мен әдіскерлердің де еңбекақысы өседі.

Айта кетсек, Қазақстан президенті төрт жылдың ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есе көбейтуді тапсырған болатын.

Тағы оқыңыз: Жаңа жылдан бастап кімдерге қосымша ақы төленеді?

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтан әкімі қанша жалақы алатынын айтты
"Ақымақтарға түсіндіре алмайсың": Мұхамедиұлы қанша жалақы алатынын ашық айтты
"Айлығым – мың доллар": астаналық ұстаз қалай жоғары жалақы алып отырғанын айтты
"Жалақы 50%-ке дейін өседі": министр 2020 жылы болатын өзгеріс туралы айтты
Украина президенті қанша жалақы алатыны белгілі болды
Нұр-Сұлтанда мектеп "линейкасын" ашқан қыз көз жұмды
Кілт сөздер:
мектеп директоры, еңбекақы, жалақы
Загрузка...

Басты тақырып