11:40 18 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Айыпталушылар судьяға отбасы жағдайы және айыптау қорытындысын алғаны туралы айтты

"4 адамның басын кесіп алған": қазақ жігіттерінің Сириядағы қылмысы жарияланды

© Sputnik / Абзал Калиев.
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4154 0 0

Содырлар бұл әрекетімен көпшілік назарын аударып, адам бойында қорқыныш пен үрей сезімін тудыруды көздеген

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Астанада "Жусан" операциясы аясында елге қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор олардың кейбірінің жантүршігерлік қылмысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Суд над обвиняемыми в терроризме
© Sputnik / Абзал Калиев.
Прокурор террористік ұйымның мүшелері төрт адамның басын кесіп алғанын айтты

Прокурор Еділ Мұраттың айтуынша, сотталушылардың ішінде Газинұр Бақытжанов пен Аманжол Жансеңгіров террористік сипаттағы роликтер түсірген.

"ДАИШ халықаралық террористік ұйымының содырлары жергілікті үкімет әскерімен болған соғыста жеңіске жеткендіктен, террористік топ мүшелері – Жансеңгіров пен Бақытжанов ұялы телефонның камерасын пайдаланып, бейнеролик түсірген", - деді Мұрат.

Ол роликте содыр Бақытжанов өздерінің аз адам шығынымен жеңіске жеткендерін мақтан тұтып, жауды ешқандай бекініс құтқара алмайтынын айтқан. Содан кейін әскери киімде өліп жатқан адамдарды қарумен нұсқап, оны кәпір деп атап, Аллахтың қалауымен оқ тиіп өлді деген.

Сараптама аталған роликте діни алауыздықты қоздыру және терроризмді насихаттау бегілерін анықтады.

Суд над обвиняемыми в терроризме
© Sputnik / Абзал Калиев.
Сириядан қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы

"Сондай-ақ, қарулы қақтығыстан кейін ИГИЛ террористік ұйымының мүшелері төрт адамның басын кесіп алып, жұртты үрейлендіру мақсатында қала көшелерінің біріне жеті тәулікке тастап қойған", - деп атап көрсетті прокурор.

Тағы оқыңыз: "19 рет тұрмысқа шықты". Сириядан оралған қазақ әйелінің әңгімесі

Олар бұл әрекеттерімен көпшілік назарын аударып, адам бойында қорқыныш пен үрей сезімін тудыруды көздеген.

"Террористік топ мүшесі Жансеңгіров осы бастардың бірін аяғымен басып, қару ұстап тұрып суретке түскен. Ол сурет ғаламтор арқылы көпшілікке тарап кеткен", - деп жалғастырды Еділ Мұрат.

Оның айтуынша, сараптама кезінде фотосуреттегі адам 1986 жылы Ақмола облысында туған Аманжол Жансеңгіров екені расталған.

Тақырып бойынша

"33 бала жетім қалды": Сириядан қайтарылған балалардың нақты саны жарияланды
Сириядан құтқарылған әйелдің арам пиғылы әшкере болды
Күйеуіне хабарлама жазып жіберген: Сириядан оралған әйелдің тағдыры не болмақ
Сириядан оралған әйелдер небір сұмдықты бастан кешіргенін айтты
Сириядан оралған қазақтың өкініші: үшеуміз ғана тірі қалдық
Ауыр қылмыс жасады: Сириядан қайтарылған 14 адамға бірнеше айып тағылды
Кілт сөздер:
содырлар, Сирия
Загрузка...

Басты тақырып