02:09 23 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD385.01
  • EUR425.78
  • RUB6.05
кітап

Тоқаев 95 жасқа толған халық жазушысын мерейтоймен құттықтады

© Photo: СС0 / Dariusz Sankowski
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
129 0 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовті мерейтойымен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

"Сізді егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті жазушы, сөз өнерінің патриархы ретінде қадірлейміз. Қазақ қаламгерлері арасынан дараланып шығып, бірегей тұлға дәрежесіне көтерілген Өзіңізді үнемі мақтан етеміз",– делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы жазушының "Қан мен тер", "Соңғы парыз" романдары қазақ көркем сөзінің алтын қазынасына еніп, әлем әдебиетінде өзіндік орны бар рухани құндылыққа айналғанын атап өтті. Жазушының жалпыадамзаттық мәселелерді арқау еткен шығармалары арқылы халқымызды бүкіл дүние жүзі танығанына да тоқталған.

Казахстанский писатель Абдижамил Нурпеисов
© Sputnik / Тимур Батыршин
Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов

"Баршаны алаңдатқан Аралдың ахуалы Сіздің қайталанбас туындыларыңызда көрініс тапты. Ел мүддесін жаһандық деңгейге жеткізіп, оқырманның шексіз ықыласына бөленіп келесіз",– деп жазды Тоқаев.

Президент мерейтой иесіне "Жазушылық жолыңыз, ғибратты ғұмырыңыз жалғаса берсін. Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін" деген ықыласын білдірді.

Тағы оқыңыз: Белгілі жазушы Тоқаевтың ерекше қасиеті туралы айтып берді

Тақырып бойынша

"Соңғы сөзді айтады": Министр Тоқаев қандай жағдайда Назарбаевпен келісетінін айтты
Тоқаев үкімет пен әкімдерге шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Қабдеш Жұмаділов 83 жаста: шекараны бұзып, Қытайдан 200 мың қазақты бастап келген жазушы
Атақты жазушы Назарбаевқа қатысты сәуегейлік танытқанын айтты
"Шұғыл өзгеріс енгізуі тиіс": Тоқаев кеңесте маңызды мәселені көтерді
Кілт сөздер:
мерейтой, Қазақстанның халық жазушысы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып