Қоғам

Арабтар миллион доллар ұтып алған қазақстандықты таба алмай жатыр

CC0 / pixabay.com / Чемоданчик с выигрышем, иллюстративное фото
Чемоданчик с выигрышем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық Дубайда лотереядан миллион доллар ұтып алды, бірақ ұйымдастырушылар сәтті билеттің иесіне хабарласа алмай отыр

АЛМАТЫ, 24 қазан — Sputnik. Қазақстандық Хуссейн Еремешев Dubai Duty Free дүкені өткізген лотереядан бір миллион доллар ұтып алды.

Бірақ жеңімпаздың өзі бұл қуанышты жаңалықты білмейді, өйткені ұйымдастырушылар қазақстандыққа хабарласа алмай отыр, деп хабарлайды Gulfnews.com.

Еремешев 313-ші сериядағы 3 614 нөмірлі билетті дүкеннің сайтынан сатып алған. Билеттің құны – 272 доллар.

Басылымның хабарлауынша, қазақстандықтан бөлек тағы бір жеңімпаз анықталды, ол – 56 жастағы 30 жылға жуық Дубайда тұратын Үндістанның тумасы Камаласанан Надар Васу. Ер адам ұтып алған ақшасын қарызын жабуға, бизнесін дамытуға және демалуға жұмсамақшы. Жолы болған тұрғын металл конструкциясы өндірісімен айналысады, сегіз жылдан бері лотерея ойнайды екен.

Тағы оқыңыз: Әжетханаға сұранған балалар әкесін үлкен олжаға кенелтті

Ақшалай ұтыстан бөлек, автокөліктер мен мотоциклдер ойнатылған. BMW 750 Li xDrive Sports көлігін Ұлыбританияның 45 жастағы тұрғыны Халат Рауф Азиз иеленді, ол - құрылыс компаниясының бас директоры. Ал 42 жастағы Үндістанның тұрғыны Файзаан Кадер Шейх Aprilia Shiver мотоциклін ұтып алды.

Оман азаматы Мехрин Ниаз Indian Scout Bobber мотоциклін жеңіп алса, автобус жүргізушісі болып істейтін тағы бір үндістандық Aprilia Tuono RR мотоцикліне ие болды.

Айта кетсек, бұл қазақстандықтардың алғашқы ұтысы емес, 2015 жылы Омар Самаликов лотереядан 1 миллион доллар жеңіп алған еді.

Жаңалықтар
0