Қоғам

Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуМужчина во время снегопада
Мужчина во время снегопада - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидрометтің" болжамына сәйкес, биыл ақпан қыстың ең суық айы болады. Алайда мамандар ауа райы болжамы әлі нақтылатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. "Қазгидромет" орталығының мамандары қыс мезгіліндегі Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Күздің соңғы айына арналған ауа райы

"Қазгидромет" орталығы ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекованың айтуынша, қарашаның 10-ына қарай күн суыта бастайды. Осы кезде ауа райы жауын-шашынды, көктайғақ болады.

"Температура нормадан 1 градус жоғары деп күтіліп отыр. Тек шығыс пен батыста ғана ауа температурасы қалыпты норма шамасында. Ал жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормаға сәйкес. Тек оңтүстік өңірде жауын-шашын мөлшері қалыпты нормада, ал солтүстікте нормадан аз жауады", - деді маман.

Қыс жылы болады

Сонымен қатар ол қараша айы ғана емес, елімізде қыс мезгілінің қандай болатынын атап өтті.

© ИА Новости-Казахстан, Анатолий УстиненкоШымбұлақтағы Қар күні
Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты - Sputnik Қазақстан
Шымбұлақтағы Қар күні

"Желтоқсан мен қаңтар айларына тоқталайын. Жалпы елімізде қыс жылы, жайлы болады деп күтілуде. Ауа температурасы нормадан 1-2 градус жоғары болады. Сондықтан желтоқсан айында жауын-шашын көбірек жаууы мүмкін. Өйткені, осы айда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттар жиі өтеді", - дейді Жұлдыз Исабекова.

Желтоқсанда ауа температурасының нормадан 3-5 градусқа дейін төмендеуі күтіліп отыр.

Ең суық ай қайсы?

Жұлдыз Исабекованың айтуынша, биыл қыстың ең суық айы ақпан болады.

"Бұл айда Кар теңізінен суық ауа массалары Қазақстан аумағына жиі өтіп, Сібір антициклонының әсері көбірек болмақ. Сондықтан да еліміздің басым бөлігінде температура әдеттегіден төмен болады деп болжанады. Ақпанда оңтүстік өңірде жауын-шашын мөлшері аз болады деп күтіледі. Ал шығыста норма шамасында", - деді "Қазгидромет" орталығы ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы.

Тағы оқыңыз: "Екі есе қымбаттайды": көлікті қысқа дайындау бағасы қандай?

Сөз соңында "Қазгидромет" мамандары ауа райы болжамы әлі нақтылатынын атап өтті.

Жаңалықтар
0