Қоғам

Жөргек ер баланың денсаулығына қауіпті ме – дәрігер жауап берді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтупамперс
памперс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігер жөргекке қатысты айтылып жүрген алыпқашпа әңгімелерге қатысты пікір білдіріп, пайдалы кеңестерімен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Нәрестеге қанша жасқа дейін жөргек кигізуге болады және ол ер балаларға зиян деген рас па? Бұл туралы педиатр-дәрігер Ғалия Сейдалиева айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Маман халық арасында "жөргек ер баланы есейгенде бедеулікке алып келеді" деген қауесет тараған дейді. Оның пікірінше, бұл шындыққа жанаспайды.

"Ұл баланың жыныс мүшесі өзіне ыңғайлы, яғни төмен температурада болады. Сондықтан ешқандай ауру бола қоймайды. Жалпы, памперстің құрамын көп ғалым зерттеген. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жөргектің қандай ауру тудыратыны жөнінде толыққанды зерттеуі жоқ", - дейді дәрігер.

Тағы оқыңыз: Қыз баланың тұсауы кесілмейді деген рас па – этнографтың жауабы

Сонымен қатар, ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, АҚШ пен Еуропа педиатрлар қауымдастығының "жөргекті пайдалануға болмайды" деген зерттеу нәтижелері жоқ екенін айтты.

Десек те, дәрігер баланы 7-8 айынан бастап тосып үйрету керектігін атап өтті.

"Біз бүлдіршінді 7-8 айынан бастап тосып үйретеміз. Ол бір жастан кейін "кіші дәретке бару керек" деген белгілерді түсіне бастайды. Ал баланы "горшокқа" үйретсеңіз, ол өздігімен кіші дәретке бара алатын болады", - дейді дәрігер.

Педиатр балаға 1 жасқа дейін жөргек кигізуге болады дейді. Бірақ осы уақытқа дейін оны тосып үйреткен жөн.

Жаңалықтар
0