20:37 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
328 0 0

Шетелдіктерді көші-қон полициясында міндетті тіркеу көп жыл бойы туристерге кедергі келтірген еді. Sputnik Қазақстан осы тақырыпта ақпарат ұсынады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерді көші-қон полициясы органдарында міндетті тіркеуді алып тастауды тапсырды.

"Қысқа мерзімде бұл анархизмнен құтылуымыз керек. Міндетті тіркеу шетелдік қонақтар үшін қолайсыздық тудырып қана қоймай, сыбайлас жемқорлық көзіне айналған. Әрине бұл еліміздің беделіне нұқсан келтіреді", - деді президент Алматыдағы жиын барысында.

Үкіметке бұл мәселені жыл соңына дейін шешу тапсырылды.  

Жыл сайын 100 мыңнан астам шетел азаматы елімізде көші-қон заңнамасын бұзады. Себебі олар Қазақстанға кіргеннен кейін тіркелуге міндетті екенін білмейді. Бұған қоса, тіркелу мерзімдері әртүрлі, бәрі азаматтың қай елден келгеніне байланысты.

2019 жылдың I жартыжылдығында көші-қон заңнамасын бұзғандар

Sputnik Қазақстан тілшісі кімге және қашан көші-қон полициясында жедел тіркелу керектігін айтады.

Қазақстандағы виза мен тіркеу: не білу керек

Басқа ел азаматтары Қазақстанға қолданыстағы шетелдік төлқұжат бойынша кіре алады. Мемлекетке кіргенде және елден шыққанда төлқұжатқа шекараны кескені туралы мөр басылады.

63 мемлекеттің азаматтары Қазақстанға визасыз кіріп, бұнда 30-дан 90 күнге дейін жүріп тұра алады. Бірақ визасыз режим шетелдікке тіркелу керек емес деген сөз емес. Елде тіркеусіз болу мерзімі шетелдіктің азаматтығы мен оның келу мақсатына (туризм, бизнес, инвестициялау немесе жұмысқа шақыру) байланысты.

Тіркеуді көші-қон органдары жасайды. Құжаттарды туристердің өздері немесе шақырушы тарап ұсынады. Яғни, мемлекетке келген шетелдік көші-қон полициясына баруы тиіс. Ол әдетте қала орталығында орналаспайды. Бұған қоса, бұл ғимаратта туристерді, сырттан табыс табуға келген адамдарды да қабылдайды. Салдарынан ұзын-сонар кезектер уақытты ғана алып қоймай, жүйкені де жұқартады.

Ең аз кедергі – қонақүйде тұратын азаматтарда, олардың тіркеуін отель рәсімдейді.

Егер шетел азаматы жеке тұлғалардың үйінде тұратын болса, онда қабылдаушы тарап ішкі істер органдарына үйіндегі шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар туралы хабарлауға міндетті. Бұны шетелдіктер келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде істеу керек. Әйтпесе үй иесінде проблемалар болуы мүмкін – бастапқыда оған ескерту жасалады, ал заң бұзушылық қайталанса, айыппұл салынады.

Көші-қон картасын қолдан жасап, ҰҚК-ге ұсталды

Анна (есімі өзгертілген - Sputnik) нағыз детектив оқиғасын айтып берді. Бұл қыз Қазақстанда туып, Ресейде оқып, азаматтығын ауыстырған. 2009 жылы ол туған жеріне жұмысқа шақырту алады. Ол жарнама роликтері мен деректі фильмдерд үшін сценарий жазады.

"Мен жұмыста ресми түрде рәсімделмеген едім. Бір күні тіркеусіз жұру мерзімім аяқталып, маған көші-қон картамды ұзарту керек болды. Әріптестер менің төлқұжатымды таныстарына беріп жіберді. Олар көші-қон қызметінде байланыста адамдары бар және қазір олар маған барлығын жылдам жасап береді деп сендірді. Нәтижесінде маған жаңа карта жасап берді, онда менің Қырғызстанға жалған сапарым тұрды. Мен елден шықққандай болып көрінді", - деп әңгімеледі Анна.

Ол бұл фактіге көп мән бермеген. Бірақ Анна Мәскеуге ұшар кезде шекарашылар мөрдің шынайылығына күмән келтірген.

"Әуежайда мені ұстап, жауап алуға кірісті. Бастапқыда полиция жауап алды, одан кейін ҰҚК-ден жігіт келіп, бірге жұмыс істеуге келіссем, босатамыз деді", - дейді қыз.

Аннаның айтуынша, барлығы кинодағыдай болды: жасырын тыңдау, белгіленген ақша, бөтен қыздың төлқұжаты.

"Мен көші-қон полициясы көмекшілеріне кездесу белгілеп, төлқұжат пен ақшаны беріп жібердім. Олар сол жерде ұсталып қалды. Карталарға ескі мөр басқан көші-қон қызметінің бұрынғы қызметкерлері болып шықты", - деп түсіндірді ол.

Анна тіркеу мерзімін заңды түрде ұзарту үшін көші-қон органына барса, бұндай келеңсіз жағдайға тап болмас еді.

Шетелдікті қандай мерзімге тіркеуге болады

"Визасыз" елдердің азаматтары визасыз жүріп-тұру рұқсат етілген мерзімге ғана тіркеледі.

Егер нақты мерзім бекітілмесе, онда тіркеу 30 тәулікке рәсімделеді. Бұл процедурадан eGov сайтынан онлайн өтуге болады.

ЕАЭО мен ТМД азаматтары: қалай тіркелу керек

Еуразиялық экономикалық одаққа Қазақстаннан басқа Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения кіреді. Елімізде Ресей, Беларусь, Қырғызстаннан келген туристер тіркеусіз 30 күнге дейін бола алады.

Бірақ Армения азаматтары үшін одаққа кірсе де, өзге тәртіп бекітілген. Туристер бес күн ішінде тіркелуі тиіс. Дегенмен, егер армяндар Қазақстанға жұмыс істеуге болмаса жұмысқа тұруға келсе, отбасы мүшелерімен бірге 30 күн тіркеуден босатылады.

ЕАЭО-ға кірмейтін басқа ТМД елдері - Әзербайжан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан азаматтары бес күн ішінде міндетті түрде тіркелуі керек.

Тіркеуден кім босатылады

Тіркеуден дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттары бар шетелдік азаматтар босатылады. Бұдан бөлек, "дипломатиялық", "қызметтік", "инвесторлық" санатындағы визамен келгендер болмаса құзыретті органнан "инвестор" мәртебесін нақтылайтын құжат алған шетелдіктер тіркелмейді.

Сонымен қатар Қазақстанға мереке және демалыс күндері келген шетелдіктер тіркеуден босатылады. Ал жұмыс күндері елде болу уақыты үш күннен аспауы тиіс. Бұған қоса, 16 жасқа дейінгі балаларға тіркеу қажет емес.

Халықаралық ралли, марафон және осы секілді шараларға қатысатын азаматтардан тіркеу талап етілмейді.

Әлбетте, Қазақстанға арнайы төлқұжатпен келетін мемлекет басшылары, ресми делегациялардың мүшелеріне тіркеу керек емес.

Ағылшын тілінде ақпаратты қайдан іздеу керек

Қазақстанда болу тәртібі туралы ақпаратты сыртқы істер, ішкі істер министрліктерінің сайты мен eGov-тан табуға болады. Бірақ мемлекеттік органдардың сайтындағы ақпарат жылдап жаңартылмай, ескіріп қалуы мүмкін. Сондықтан Қазақстанға келетін болсаңыз, ақпаратты елшілік немесе консулдықтан сұраған жөн. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде барлық дерлік ұйымның ресми парақшалары бар.

eGov.kz электронды үкімет сайтында ағылшын тілінде ақпарат пен анықтама көп. Бұдан бөлек Kazakh Tourism ұлттық компаниясы да көмек көрсетеді. Ал Қазақстанға жиі келетін туристер әлеуметтік желідегі көптеген форумда, мәселен Facebook-тегі Expats in Kazakhstan паблигінде өз тәжірибесімен бөлісіп жатады.

Тақырып бойынша

Депутат шетелден әкелінген көліктерге қатысты қандай өзгеріс болатынын айтты
Өзге елдің нөмірімен жүрген көліктер қалай тіркеледі
Қазақстан азаматына ессіз ғашық болған америкалық әйел Петропавлға көшіп келді
Жүргізушілер неге өзге елдің нөмірін Қазақстанда тіркегісі келмейтінін айтты
Тоқаев шетелдіктерді тіркеуді алып тастауды тапсырды
Кілт сөздер:
көші-қон, Қазақстан, шетелдік
Загрузка...

Басты тақырып