20:17 20 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.16
  • EUR428.47
  • RUB6.08
Әйнек, қол

"Шөп жеуге тура келді": қазақстандық әйел ауыр тағдыры туралы айтып берді – видео

CC0 / Tatlin
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
990 0 0

Сириядан оралған соң қазақстандық әйел жабық киімнен бас тартқан. Ол өзгелерге сабақ болуы үшін өзінің басынан өткен оқиғалармен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан — Sputnik. Қазақстандық Альбина Мансұрова Сириядан Қазақстанға оралғандардың бірі. Ол жат жерде басынан өткен оқиғаларды айтып берді. Әйел өзінің тағдыры өзгелерге сабақ болса дейді.

Ол осыған дейін паранжа киген. Қазақстанға оралған соң жабық киім киюді қойыпты, деп хабарлайды  "Астана" телеарнасы.

Альбинаның айтуынша, ол Сирияда алты жыл тұрған. Күйеуімен бірге кетіпті. Алайда қақтығыс аймағынан шығу оңай болмаған.

Тағы оқыңыз: "4 адамның басын кесіп алған": қазақ жігіттерінің Сириядағы қылмысы жарияланды

Ол аш қалмау үшін балаларымен бірге шөп жеуге тура келгенін айтады.

"Ол жерде әділетсіздік, қатыгездік, агрессия, жаппай өлім және аштық болды. Мен мұның бәрі саясат болғанын түсіндім. Дінге еш қатысы жоқ. Сондықтан ол жерден шығу жолын іздей бастадым. Қазақстанға оралып, өзімді және балаларымды құтқаруым керек болды", - дейді ол.

Әйел балаларымен бірге Қазақстанға қайтарылды. Енді ол Сирияға кетуді жоспарлап жүргендерді құтқармақ. 

Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметіне сәйкес, екі жылда қамауда отырған 300 адам дәстүрлі діни көзқарасқа оралған. Олармен теологтар және психологтар жұмыс істеді. 

"Қақтығыс аймағынан оралғандармен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдері керек. Өйткені біздегі экстремистер мен террористер бөлек санатта, ал қақтығыс аймағынан оралғандары мүлдем басқаша. Құзырлы органдар оларға қатысты арнайы жұмыс әдістемесін әзірлейді", - деді Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Қайрат Жақыпбаев.

Сәтті жүзеге асырылған үш "Жусан" гуманитарлық операциясының нәтижесінде Сириядан 600 қазақстандық қайтарылды. Олардың 30-ы ер адам, 137 әйел және 406 бала.

Тақырып бойынша

Сириядан оралған ақтөбелік әйелдің 5 жыл бұрын жасаған қылмысы әшкере болды
"Адам басына аяғын қойып, фотоға түсті": Сириядан келген жігіт әрекетін түсіндірді
Сириядан оралған жігіт содырлар үш досын не үшін атып тастағанын айтып берді
Сириядан қайтарылған қазақстандықтар сотталып жатыр – видео
Сириядан құтқарылған әйелдің арам пиғылы әшкере болды
Кілт сөздер:
тағдыр, видео, қазақстандық әйел
Загрузка...

Басты тақырып